Тестілеуге жіберу туралы хабарлама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның тестілеуге жіберу туралы шешімді қабылдағаны туралы хабарлаймыз.

Тестілеуге жіберілген қатысушылардың толық тізімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сайтында www.kaznu.kz жарияланған.

Негізгі тестілеуді өткізу күні 2021 жылғы 26 ақпан.

Негізгі тестілеудің басталу уақыты Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 13.30.

Негізгі тестілеу парағына сілтеме, логин және пароль қосымша sms-хабарлама арқылы жіберілетін болады.

Тестілеудің соңғы уақыты туралы хабарлама 25 ақпанда электронды пошта және үміткерлерге қоңырау шалу арқылы жіберіледі.

 Кандидаттарды тестілеу электрондық нысанда, онлайн-режимде бір сағат ішінде өткізіледі және 40 (қырық) сұрақтан тұрады. Үміткерлер үшін тестілеуден өту мәні кемінде 30 (отыз) дұрыс жауапты құрайды.

Электрондық тестілеуден өту үшін келесілер қажет:

жеке басты куәландыратын құжат;

веб-камера мен микрофон қосылған жеке компьютер немесе ноутбук;

Интернеттің тұрақты жылдамдығы.

Тестті автоматты прокторинг жүйесі бақылайды, ол веб-камера арқылы нақты уақыт режимінде онлайн режимінде тестілеуді қадағалайды, кандидаттың жұмыс үстелін, кадрдағы адамдардың санын, сыртқы дыбыстарды немесе дауыстарды және көздің қимылын бақылайды.

Спиcок кандидатов kaz.docx