Әкімшілік сот ісі: теория және тәжірибе

01.12.2022

Көрулер: 747

 

Заң факультетінің білім алушыларында әкімшілік құқықты оқытуға және де жаңа көзқарасты қалыптастыру мақсатында құқық қолдану практикасына жаңа әкімшілік заңнаманы қабылдауға және енгізуге байланысты мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының факультетінде көшбасшылық дәрістер үнемі өткізіліп тұрады. Бұл бағыт ҚазҰУ Заң факультетінің имидждік саясатының бір бөлігі болып табылады.

 

Мысалы, 2022 жылдың 1 желтоқсанда «Құқықтағы әділеттілік» ғылыми қоғамдастығының шеңберінде кафедра профессоры з.ғ.д. Н. Калишеваның жетекшілігімен, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот судьялары Алдабек Ержан Әбдіразақұлы мен Кузетаева Динара Зарыкбекқызының жетекшілігімен « әкімшілік талап-арыздар: теория және тәжірибе» тақырыбында дәріс өтті.

 

Офлайн режимде өткен кездесу барысында Қазақстан Республикасының сот саласындағы кәсіби қазақстандық тәжірибелер «Әкімшілік құқық»пәнінің ағымдағы оқу тақырыбы бойынша студенттердің алдында сөз сөйлеуге Ержан Әбдәразақұлы мен Динара Зарыкбекқызы мейірімділікпен келісті. Сөз сөйлеу барысында судьялар сот ісін жүргізудің не екенін айтып, әкімшілік арыздардың азаматтық сот ісін жүргізудегі талаптарының қалай ерекшеленетінін қол жетімді түрде түсіндіріп өтті. Әкімшілік талап-арыздарды жазу үшін керек талаптарды жақсы айтып өтті, себебі талапкер сауатты жасаған талап-арызға жалпы сот қаулысының толықтығы байланысты болады.

Судьялар өздерінің сөздерін Қазақстан Республикасының жаңа және жаңартылған заңнамасына сүйене отырып, статистикалық деректермен нақты жұмыс жасай отырып, сот практикасынан алынған мысалдармен растады.

Егемен Қазақстан үшін өзекті тақырыпқа арналған іс-шара барысында келген қонақтармен студенттер арасында бірден сенімді диалог қалыптасты.

 

Студенттер өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді іске асыру мақсатында, өздерін толғандыратын көптеген қызықты сұрақтар қойды, бұл өз кезегімен сот саласындағы кәсіби практиктермен осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын растайды.