Референдум қарсаңында

04.06.2022

Көрулер: 1169

 

22 жылдың 5 маусымында Қазақстанда өткізілуі тиіс референдум қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы жетекші оқытушысы з.ғ.д. Н.Х. Калишева Orda.kz арнасына берген сұхбатына: “Жан - жақты тұлға болудың міндетті шарты-өз елінде тұратын барлық адамдардың конституциялық терминологияны білуі, өйткені бұл заңдарды дұрыс түсінуге және оларды басқаларға түсіндіруге мүмкіндік береді, ал бұның бәрі бірге заңдарды дұрыс тиімді іске асыруға ықпал ететін болады” - деп атап өтті.


Референдум - бұл елде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру, бұл жерде мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешеді.

Референдумға, әдетте, бір сұрақ қойылады, оған жауап «иә» немесе «жоқ», «қабылдаймын» немесе «қабылдамаймын» деген сөздер болып табылады және оған ерікті түрде 18 жасқа толған азаматтар қатысады.


Негізгі Заңның 33-бабына енгізілген барлық 56 Конституциялық түзетулердің өз бағыты бойынша бірлігі бар, өйткені олар Қазақстанның конструктивті өзгерістеріне бағытталған.

Біздің республикамыздың әрбір азаматы өзінің саяси құқығын пайдаланып, алдағы бүкілхалықтық саяси іс-шараға белсене қатысуға тиіс!

 

От Алаш-Орды до Токаева: как менялась Конституция