Жаңалықтар

СПИДке қарсы әлемді жұмылдырамыз!

28.11.2018

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина  кафедрасындағы «Биофизик және биомед» клубының, «Хронобиология және хрономедицина» орталығының, кафедра эдвайзерлерінің Алматы қаласындағы №4 және №12 қалалық поликлиниканың «Денсаулық сақтау мектебі» бөліміндегі қызметкерлерімен, «СПИД/ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу» орталығымен бірлескен ұйымдастыруында «СПИД/ЖИТС-тің алдын алу шараларының медико-биологиялық әдістері» тақырыбында Республикалық деңгейде іс-шара өткізеді:

-         2018 жылы 30 қараша күні 10.00-12.00 сағаттар аралығында – Ректорат алдында «Біз СПИД/ЖИТС-ке қарсымыз» ұранымен  студент жастарға ақпараттық материалдар таратылады;

-          2018 жылы 3 желтоқсан күні 10.00-12.00 сағат аралығында - биология және биотехнология факультетінде оқитын студент жастарға «Біз СПИД/ЖИТС-ке қарсымыз» ұранымен ақпараттық материалдар таратылады;

-          2018 жылы 4 желтоқсан күні 10.00-12.00 сағаттар аралығында 427 аудиторияда «СПИД/ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу» орталығының әлеуметтік қызметкері А.А.Казиева жастарға «СПИД/ЖИТС» тақырыбында семинар өткізеді.

СПИД/ЖИТС-ке қарсы күреске қатысуға баршаларыңызды шақырамыз!!!

 Қосылыңыз! Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз!

Ары қарай оқу >>

Танымал Ресейлік ғалым, профессор Сулейман Ифхан оглы Аллахвердиев лекция оқуда

27.11.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің деканы профессор Б.К.Заяданның шақыртуымен, Web of Science дерекқорын құрушы Clarivate Analytics компаниясының «Биология» номинациясы бойынша соңғы үш жыл қатарынан сыйлық иегері, биология бағытында әлем бойынша бірден-бір мақалаларына дәйексөз жасалынатын заманауи ресей ғалымы Сүлейман Ифхан оглы Аллахвердиев 16.11.2018-нен 06.12.2018-не дейін биотехнология кафедрасында докторанттар мен жас ғалымдарға дәріс оқуда.

Қазіргі таңда ол РҒА өсімдіктер физиологиясы Институтының басқарылмалы фотобиосинтез Зертханасының меңгерушісі, РҒА биологияның іргелі мәселелері Институтының бас ғылыми қызметкері, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, Мәскеу физика-техникалық институтының профессоры және молекулалық биология және биотехнология Институтының «Бионанотехнология» зертханасының меңгерушісі (Баку, Әзірбайжан).

Профессор С.И. Аллахвердиевпен біздің университет қабырғасында, нанотехнология бағытындағы жаңа зерттеулерге, оның ішінде балама энергия көзі ретінде пайдаланылатын молекулалық сутегіні алу мақсатында ақуыздық құрылымдарды пайдалана отырып жасанды фотосинтез жүйесіне және биоотын өндірісі үшін фотосинтездеуші дақылдарды пайдалану бағытына арналған дәрістер оқуда.

Ары қарай оқу >>

Студенттер Лев Толстойдың «Анна Каренина» қойылымының қазақ тіліндегі премьерасында

26.11.2018

«Рухани жаңғыру» және «Айналаңды нұрландыр» жобаларын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 25 қарашасында «5В070100-Биотехнология» мамандығының 2-курс студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қазақ тілінде қойылған жазушы Лев Толстойдың «Анна Каренина» трагедиялық қойылымының премьерасын тамашалады.

Ұйымдастырушылар: Мелдебекова А.А., Нармуратова М.Х., Турашева С.К., Ерназарова Г.И.

Ары қарай оқу >>

«МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ, ҒЫЛЫМИ БАТЛ»

24.11.2018

Биология және биотехнология факультетінің ұстаздары мен студенттері!

27 қараша күні сағат 9.00 519 аудиторияда биотехнология кафедрасында биотехнология мамандығының 2 курс студенттері арасында «МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ, ҒЫЛЫМИ БАТЛ» өтеді.

Ұйымдаструшылар биотехнология кафедрасының оқытушылары: Игнатова Л.В., Бержанова Р.Ж., Мукашева Т.Д., Савицкая И.С., Омирбекова А.А., Карпенюк Т.А., Гончарова А.В.

Ары қарай оқу >>

Республикалық студенттер Олимпиадасының іріктеу кезеңі!

22.11.2018

Құрметті студенттер!

2018 жылдың 14 желтоқсан күні биология және биотеxнология факультетінің негізінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде "Биология" және "Биотеxнология" мамандықтары бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың бірінші іріктеу сайысы өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша іс-шараның теxникалық xатшыларына xабарласуды өтінеміз:

- "Биология" мамандығы – Есенбекова Арайлым Есенбековна, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, тел: 87479263895.

- "Биотеxнология" мамандығы – Жабакова Айжан Бериковна, биотеxнология кафедрасының оқытушысы, тел: 87071385579.

Ары қарай оқу >>

«Қалқанқұлақтың («Selevinia betpakdalensis») ғылыми сипатталып жазылуының 80-жылдығына орайластырылып өткізілген дөңгелек үстел

21.11.2018

Бүгін биология және биотехнология факультеті және биология мұражайы базасында «Қалқанқұлақтың (Selevinia betpakdalensis) ғылыми сипатталып жазылуының 80-жылдығына орайластырылып дөңгелек үстел өткізілді. Дқңгелек үстел барысында қатысушылар мен қонақтар профессор С.Т.Нуртазиннің «В.А.Селевиннің Қазақстанның зоология ғылымына қосқан үлесі» тақырыбындағы, биология музейінің бас маманы К.С.Мусабековтің «Жаңа экспонат Селевинияның тарихы» баяндамаларын тыңдады, Алматы қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Г.А.Исмаилова және А.Тажибайдың «1938 жылғы Бетпақ-Дала экспедициясының" фотоальбомымен танысып, режиссер Т.Пумпянскидің 1938 жылғы «В глубь малоисследованной пустыни» деректі фильмінің көрсетілімін тамашалады, сонымен қатар «Selevinia» журналының көрмесі мен Биология мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Биофизика жəне биомедицинаның заманауи мəселелері

21.11.2018

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология жəне биотехнология факультетінде 21.11.2018ж.  11.00 сағ. 214- аудиторияда "Рухани жаңғыру" аясында кафадра деңгейінде "Биофизика жəне биомедицинаның  заманауи мəселелері" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Москвадан келген қонағымыз В.П. Зинченко биофизика мен биомедицинаның заманауи мəселелерін қозғай отырып, өз тəжірибелерімен бөлісті. Кафедра студенттері мен профессорлары сұрақ қою арқылы тақырыпты талқылап, білкмдерін жетілдіре түсті.

Ұйымдастырушылар: Биофизика жəне биомедицина кафедрасының "Хронобиология жəне хрономедицина" орталығы жəне оқытушылары: Тулеуханов С.Т., Абылайханова Н.Т., Атанбаева Г.К.,  Тусумбекова Г.А., Швецова Е.В., Абдрасулова Ж.Т., Ыдырыс Ə., Есенбекова А.Е.

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру»

20.11.2018

Биология және биотехнология факультетінің ұстаздары мен студенттері!

25 қараша 2018 жылы Биология және биотехнология факультеті, «5В070100-Биотехнология» мамандығының 2-курс студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтетін жазушы Л. Толстойдың «Анна Каренина» қазақ тілінде өтетін трагедиялық қойылымына шақырады. Премьераның режиссері Е.Обаев.

Ұйымдастырушылар: Бержанова Р.Ж., Мукашева Т.Д., Бектилеуова Н.К., Игнатова Л.В., Сыдыкбекова Р.К., Омирбекова А.А., Гончарова А.В., Карпенюк Т.А.

Ары қарай оқу >>

Виварийге саяхат

19.11.2018

“Green Campus” жобасының аясында «5В011300-Биология» мамандығының 2 курс студенттеріне биология және биотехнология факультеті базасындағы биологиялық клиникаға экскурсия жасалды. Экскурсия мақсаты: студенттерді биологиялық зерттеулерде қолданылатын зертханалық (модельдік) жануарлармен жұмыс істеудің жалпы ережелерімен таныстыру.

Экскурсия барысында биоклиника қызметкерлері студенттерге виварий ішін аралатып, зертханалық жануарларды күтіп-баптау әдіс-тәсілдерімен таныстырды.

Ұйымдастырушы: биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ.

Ары қарай оқу >>

Факультет оқытушылары Камелидтерді Халықаралық зерттеу және дамыту қоғамының халықаралық 5-ші конференциясына (ISOCARD-2018) қатысты

16.11.2018

Факультетіміздің аға оқытушылары б.ғ.к. М.Х. Нармұратова және PhD  Г.С. Конуспаева ISOCARD қоғамының (Камелидтерді Халықаралық зерттеу және дамыту қоғамы) «Түйелерді зерттеудегі соңғы жетістіктер: биологиясы, саулығы және өндіріс» тақырыбындағы халықаралық 5-ші конференциясында баяндама жасады (Эль-Аю́н қаласы, Морокко).

Оқытушыларымыздың конференцияға қатысуы биотехнология кафедрасында орындалып отырған «Отандық бактериалдық ұйытқыларды пайдаланып түйе сүтінің негізінде жаңа сүт өнімдерін дайындау технологияларын жасау» Ғылыми бағдарлама (№0118РК01326, 2018-2020 жылдар) аясында қаржыландырылды.

Қоғам 2006 жылдан бастап үш жылда бір рет түйе зерттеу саласында ғылыми және практикалық ақпарат алмасу мақсатында халықаралық конференция өткізеді.

Г.С. Конуспаеваның Мороккандық SNRT телеарнасына сұхбаты: https://youtu.be/WrPGMCOZ3q4

Ары қарай оқу >>