Танымал Ресейлік ғалым, профессор Сулейман Ифхан оглы Аллахвердиев лекция оқуда

27.11.2018

Көрулер: 3298

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің деканы профессор Б.К.Заяданның шақыртуымен, Web of Science дерекқорын құрушы Clarivate Analytics компаниясының «Биология» номинациясы бойынша соңғы үш жыл қатарынан сыйлық иегері, биология бағытында әлем бойынша бірден-бір мақалаларына дәйексөз жасалынатын заманауи ресей ғалымы Сүлейман Ифхан оглы Аллахвердиев 16.11.2018-нен 06.12.2018-не дейін биотехнология кафедрасында докторанттар мен жас ғалымдарға дәріс оқуда.

  Қазіргі таңда ол РҒА өсімдіктер физиологиясы Институтының басқарылмалы фотобиосинтез Зертханасының меңгерушісі, РҒА биологияның іргелі мәселелері Институтының бас ғылыми қызметкері, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, Мәскеу физика-техникалық институтының профессоры және молекулалық биология және биотехнология Институтының «Бионанотехнология» зертханасының меңгерушісі (Баку, Әзірбайжан).

Профессор С.И. Аллахвердиевпен біздің университет қабырғасында, нанотехнология бағытындағы жаңа зерттеулерге, оның ішінде балама энергия көзі ретінде пайдаланылатын молекулалық сутегіні алу мақсатында ақуыздық құрылымдарды пайдалана отырып жасанды фотосинтез жүйесіне және биоотын өндірісі үшін фотосинтездеуші дақылдарды пайдалану бағытына арналған дәрістер оқуда.