Жаңалықтар

Денсаулық – студент жастардың ең үлкен құндылығы

20.02.2019

Студенттердің денсаулығы олардың қазіргі және келешектегі әл-ауқатының негізі, белсенді өмір сүрудің және жоғары еңбек әлеуетінің, мәдениет деңгейінің көрсеткіші мен жастар денсаулығы саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Студенттердің денсаулығы тек олардың жеке әл-ауқатының ғана емес, сонымен қатар олармен тығыз байланыста жұмыс істейтін адамдардың, қоғамның және еліміздің әл-ауқатының кепілі екендігін жақсы түсінетін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің денсаулығына үлкен қамқорлық жасайды.

Жасырын аурулардың, әсіресе туберкулез сияқты әлеуметтік аурулардың таралуын анықтау және алдын алу мақсатында, жыл сайын ақпан айында студенттер үшін кәсіби медициналық тексеру ұйымдастырылады. Бос уақытында студенттер KEREMET Студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасқан Smart Health University диагностикалық орталығында медициналық тексеруден өте алады. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейтін Диагностикалық орталық Оңтүстік Кореяның Кангнам Северанс клиникасының серіктестерімен бірлесіп ашылған, мұнда ыңғайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

Суретте: студенттер 2019 жылға медициналық тексеруден өтуде

@A.Meldebekova

Ары қарай оқу >>

Грайфсвальдским Университеті (Германия) және Биоресурстар және биоресурстар кафедрасының бірлескен жұмыс

20.02.2019

Грайфсвальд университеті (Германия) Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасымен бірлесе отырып, халықаралық ғылыми жоба  Livestock farming in the Ili-Delta under varied water flow - effects on food security and adaptation strategies» аясында  «Іле дельтасында өзгермелі су жолындағы жануарларды өсіру» тақырыбында семинар өткізілді. Өткізу уақыты мен жері - 2019 жылдың 19-20 ақпан айларына, биология және биотехнология факультетінің ғимаратында 214 кабинетте. Жоба жеткешілері: Проф. Волкер Бекман (Германия, Грайфсвальд Университеті) и проф. д.б.н. Нұртазин Сабыр Темиргалиевич (ҚазНУ, Казахстан)

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясына шақырамыз

18.02.2019

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 2019 жылдың сәуір айының 9-10 күндерi әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде өтетін, студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар шақырылады.

@A.Meldebekova, @L.Lebedeva, @G.Doktyrbay


Ары қарай оқу >>

Үздіктерге және ең лайықтыларға марапат: профессор Анатолий Тимофеевич Иващенко Әл-Фараби Күміс медалімен марапатталды

11.02.2019

2019 жылдың 6 ақпанында биология ғылымдарының докторы Анатолий Тимофеевич Иващенконың туғанына 75 жыл толды.

Профессор А.Т.Иващенко 1999 жылдан 2009 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетінде биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы кафедрасын басқарды.

А.Т.Иващенконың жан-жақты қызығушылығы көптеген ғылыми салаларды дамытуынан көрініс табады. Оның студенттері биохимия, молекулалық биология, генетика, биотехнология, биоинформатика, өсімдіктер физиологиясы, микробиология салаларында диссертацияларын қорғады, олардың көбісі шетелде жұмыс істеп жүр. ТМД-да алғаш рет оның жетекшілігімен «Биоинформатика» мамандығы бойынша 3 Ph.D диссертация қорғалды. Франция мен Израильде екі докторлық

А.Т.Иващенко қарқынды ғылыми-практикалық іс-шаралармен қатар үлкен ұйымдастырушылық және әлеуметтік жұмыстарды жүргізіп келеді. А.Т. Иващенко Бүкілодақтық биохимиктер қоғамына, Бүкілодақтық генетиктер қоғамына, Бүкілодақтық биофизиктер қоғамына, Ботаниктер одағының қоғамына, Бүкілодақтық генетиктер мен селекционерлер қауымына мүше болды. Көп жылдар бойы ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын тапсыру жөніндегі Комиссия мүшесі болып жұмыс істеді.

2002 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Екі рет «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы.

Профессор Иващенко А.Т. іргесін қалаған Қазақстандық биоинформатика мектебі Республикаға және шетелде танымал.

Оның жемісті ғылыми жұмысының нәтижесі – 400-ден астам жарияланымдары, оның 150-ден астамы халықаралық журналдарда басылып шыққан, соның ішінде импакт-факторы жоғары журналдардағы жарияланымдарының саны 90-ға жуық.

Scival деректер базасына сәйкес А.Т.Иващенконың геномдық транскрипттер саласындағы мақақалары әлемдегі ең маңызды 1% жарияланымдардың қатарында.

Профессор Иващенко А.Т. мақақалары жоғары сілтеме жасалатын ғалым. Профессор А.Т. Иващенконың Scopus деректер базасындағы Хирш индексі 6-дан асады, оған жасалған сілтемелердің жалпы саны 119-ды құрайды, Scopus дерекқорындағы барлық басылымдарының саны 67.

2015-2018 жылдары А.Т.Иващенко Университеттің рейтингісінде 50 үздік оқытушылардың қатарында көшбасшы болды.

Биология ғылымдарының докторы, биотехнология кафедрасының профессоры Иващенко Анатолий Тимофеевичтің Қазақстан Республикасының ғылымы мен білімін дамытудағы үлкен еңбегін ескере отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-Фараби» күміс медалімен марапаттайды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-на сіңірген ерекше еңбегі үшін» Күміс медалі 2009 жылы тағайындалған. Дәстүр бойынша, соңғы 10 жыл бойы бұл марапат университеттің ең лайықты ғалымдарына, оқытушыларына және қызметкерлеріне беріліп келеді.

Биология және биотехнология факультетінің ұжымы Анатолий Тимофеевич Иващенконы шын жүректен туған күнімен құттықтайды!

@A.Meldebekova, @M.Narmuratova

Ары қарай оқу >>

Назарбаев Университетінің ғалымдарымен семинар

05.02.2019

4 ақпанда биология және биотехнология факультетіне Назарбаев Университетінің делегациясы келді. Семинар форматында өткен кездесу барысында Назарбаев Университетінің ғалымдары қатысушыларды НУ-дағы биологиялық және биомедициналық бағыттарда жүргізілетін жобалармен таныстырды.

Кездесу барысында әріптестер өзара пікір алмасып, өз жетістіктерімен бөлісті, сондай-ақ екі университеттер арасында өзара ынтымақтастық пен коллабораторлық мүмкіндіктер жайы да талқыланды.

@A.Meldebekova

Ары қарай оқу >>

Мектеп оқушыларының жобалық конкурсы

30.01.2019

2019-2020 оқу жылының басында Алматы қалалық білім беру басқармасының шешімімен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, биотехнология кафедрасының доценттері мектеп оқушыларының жобалық конкурсына әділ қазылық жасады. Мектеп оқушыларының ғылымға қызығушылығы ізденімпаздығынан көрініп тұр. Болашақ жастар ғылым мен білім көкжиегін жоғары биіктерге жеткізеді деп сенеміз.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармуратова М.К.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанттары шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамада

23.01.2019

Айниса Акиндыкова – биотехнология кафедрасының 2 курс докторанты, қаңтар айынан бастап Лотарингия университетінде (Нанси қ., Франция) сүт пептидтерімен ауыр металдарды хелаттау бойынша зерттеулер жүргізуді бастады.

А.Акындыкова «Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіретін жануарларға әсерін азайту мақсатында қоршаған ортаны ластағыштарды секвестрлеу әдістері» тақырыбындағы диссертациясы бойынша Стефан Юрьянцтың жетекшілік етуімен үш айлық ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Толығырақ Лотарингия Университетінің парақшасында: https://www.urafpa.fr/index.php/actualites/index/10

http://ensaia.univ-lorraine.fr/telechargements/croqinfos_424.pdf

@A.Meldebekova

Ары қарай оқу >>

«Winter camp» халықаралық ЖОО көрмесі

20.01.2019

2019 қаңтар айында Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Маркетинг және рекрутинг орталығының ұйымдастыруымен Қаскелен қаласы Димерел университетінде «Winter camp» Халықаралық ЖОО көрме өткізілді. Аталмыш көрме алаңына Биология және биотехнология факультетінің кәсіптік бағдар бағдарға жауапты ПОҚ қатысып мектеп оқушыларына факультетіміздің мамандықтары туралы таныстырып қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармуратова М.К., Жүнісбаева Ж.

Ары қарай оқу >>

Факультет деканының есеп беру кездесуі

19.01.2019

18.01.2019 жылы биология және биотехнология факультетінің деканы, профессор Болатхан Қазыханұлы Заядан факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттарының алдында 2018-2019 оқу жылының І-жарты жылдық жұмысы мен даму жоспары бойынша есеп берді. Кездесуге университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры А.К. Хикметов те қатысты.

Өз баяндамасында факульет деканы өткен жарты жылдықта атқарылған іс-шаралар, индикативтік жоспарға сәйкес факультеттің университеттік рейтингте алдыңғы орындардың бірін иемденгенін, студенттерге жасалып отырған мүмкіндіктер жайын сөз ете келіп, ашылғалы отырған қысқы бақ, жемісті қызмет етіп келе жатқан жылыжай, агробиостанция жұмыстарының қазіргі жағдайы мен келешек жоспарлары айтып берді.

Кездесу соңында А.К.Хикметов мырза факультетімізде 2019 жылы атқарылуға тиіс жұмыстар мен мақсат-міндеттерді қарастырып, факультеттің ақсақал оқытушыларының ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар қарастырылған тақырыптар аясында түрлі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

 

@A.Мелдебекова


Ары қарай оқу >>