Үздіктерге және ең лайықтыларға марапат: профессор Анатолий Тимофеевич Иващенко Әл-Фараби Күміс медалімен марапатталды

11.02.2019

Көрулер: 2280

2019 жылдың 6 ақпанында биология ғылымдарының докторы Анатолий Тимофеевич Иващенконың туғанына 75 жыл толды.

Профессор А.Т.Иващенко 1999 жылдан 2009 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетінде биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы кафедрасын басқарды.

А.Т.Иващенконың жан-жақты қызығушылығы көптеген ғылыми салаларды дамытуынан көрініс табады. Оның студенттері биохимия, молекулалық биология, генетика, биотехнология, биоинформатика, өсімдіктер физиологиясы, микробиология салаларында диссертацияларын қорғады, олардың көбісі шетелде жұмыс істеп жүр. ТМД-да алғаш рет оның жетекшілігімен «Биоинформатика» мамандығы бойынша 3 Ph.D диссертация қорғалды. Франция мен Израильде екі докторлық

А.Т.Иващенко қарқынды ғылыми-практикалық іс-шаралармен қатар үлкен ұйымдастырушылық және әлеуметтік жұмыстарды жүргізіп келеді. А.Т. Иващенко Бүкілодақтық биохимиктер қоғамына, Бүкілодақтық генетиктер қоғамына, Бүкілодақтық биофизиктер қоғамына, Ботаниктер одағының қоғамына, Бүкілодақтық генетиктер мен селекционерлер қауымына мүше болды. Көп жылдар бойы ғылым мен техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын тапсыру жөніндегі Комиссия мүшесі болып жұмыс істеді.

2002 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Екі рет «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы.

Профессор Иващенко А.Т. іргесін қалаған Қазақстандық биоинформатика мектебі Республикаға және шетелде танымал.

Оның жемісті ғылыми жұмысының нәтижесі – 400-ден астам жарияланымдары, оның 150-ден астамы халықаралық журналдарда басылып шыққан, соның ішінде импакт-факторы жоғары журналдардағы жарияланымдарының саны 90-ға жуық.

Scival деректер базасына сәйкес А.Т.Иващенконың геномдық транскрипттер саласындағы мақақалары әлемдегі ең маңызды 1% жарияланымдардың қатарында.

Профессор Иващенко А.Т. мақақалары жоғары сілтеме жасалатын ғалым. Профессор А.Т. Иващенконың Scopus деректер базасындағы Хирш индексі 6-дан асады, оған жасалған сілтемелердің жалпы саны 119-ды құрайды, Scopus дерекқорындағы барлық басылымдарының саны 67.

2015-2018 жылдары А.Т.Иващенко Университеттің рейтингісінде 50 үздік оқытушылардың қатарында көшбасшы болды.

Биология ғылымдарының докторы, биотехнология кафедрасының профессоры Иващенко Анатолий Тимофеевичтің Қазақстан Республикасының ғылымы мен білімін дамытудағы үлкен еңбегін ескере отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-Фараби» күміс медалімен марапаттайды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-на сіңірген ерекше еңбегі үшін» Күміс медалі 2009 жылы тағайындалған. Дәстүр бойынша, соңғы 10 жыл бойы бұл марапат университеттің ең лайықты ғалымдарына, оқытушыларына және қызметкерлеріне беріліп келеді.

Биология және биотехнология факультетінің ұжымы Анатолий Тимофеевич Иващенконы шын жүректен туған күнімен құттықтайды!

@A.Meldebekova, @M.Narmuratova