Факультет деканының есеп беру кездесуі

19.01.2019

Көрулер: 1734

18.01.2019 жылы биология және биотехнология факультетінің деканы, профессор Болатхан Қазыханұлы Заядан факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттарының алдында 2018-2019 оқу жылының І-жарты жылдық жұмысы мен даму жоспары бойынша есеп берді. Кездесуге университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры А.К. Хикметов те қатысты.

Өз баяндамасында факульет деканы өткен жарты жылдықта атқарылған іс-шаралар, индикативтік жоспарға сәйкес факультеттің университеттік рейтингте алдыңғы орындардың бірін иемденгенін, студенттерге жасалып отырған мүмкіндіктер жайын сөз ете келіп, ашылғалы отырған қысқы бақ, жемісті қызмет етіп келе жатқан жылыжай, агробиостанция жұмыстарының қазіргі жағдайы мен келешек жоспарлары айтып берді.

Кездесу соңында А.К.Хикметов мырза факультетімізде 2019 жылы атқарылуға тиіс жұмыстар мен мақсат-міндеттерді қарастырып, факультеттің ақсақал оқытушыларының ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар қарастырылған тақырыптар аясында түрлі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

 

@A.Мелдебекова