Денсаулық – студент жастардың ең үлкен құндылығы

20.02.2019

Көрулер: 2008

Студенттердің денсаулығы олардың қазіргі және келешектегі әл-ауқатының негізі, белсенді өмір сүрудің және жоғары еңбек әлеуетінің, мәдениет деңгейінің көрсеткіші мен жастар денсаулығы саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Студенттердің денсаулығы тек олардың жеке әл-ауқатының ғана емес, сонымен қатар олармен тығыз байланыста жұмыс істейтін адамдардың, қоғамның және еліміздің әл-ауқатының кепілі екендігін жақсы түсінетін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің денсаулығына үлкен қамқорлық жасайды.

Жасырын аурулардың, әсіресе туберкулез сияқты әлеуметтік аурулардың таралуын анықтау және алдын алу мақсатында, жыл сайын ақпан айында студенттер үшін кәсіби медициналық тексеру ұйымдастырылады. Бос уақытында студенттер KEREMET Студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасқан Smart Health University диагностикалық орталығында медициналық тексеруден өте алады. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейтін Диагностикалық орталық Оңтүстік Кореяның Кангнам Северанс клиникасының серіктестерімен бірлесіп ашылған, мұнда ыңғайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

Суретте: студенттер 2019 жылға медициналық тексеруден өтуде

@A.Meldebekova