Жаңалықтар

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясының қорытындысы

12.04.2021

Биология және биотехнология факультетінде 2021 жылдың 7-сәуірінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ онлайн форматта Microsoft Teams платформасында өтті.  

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының 2 секциясының «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» отырысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 6 баяндама тыңдалды.

Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 1 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Тоқтыбай А.К. лайық деп шешті. Тоқтыбай А.К. сонымен қатар Биология және биотехнология факультеті бойынша ІІІ дәрежелі ректордың дипломымен марапатталды. Тақырыбы: «ҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ СТPЕСС КЕЗДЕPIНДЕГI ЖАНУАPЛАP ТЕPIСIНДЕГI БИОАКТИВТI НҮКТЕЛЕP ТЕМПЕPАТУPАСЫНЫҢ ТӘУЛIКТIК ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЭНТPОПИЯЛЫҚ КӨPСЕТКIШIН ЗЕPТТЕУ». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т.

Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 2 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс студенті Нагимоллина Д.А. лайық деп шешті. Тақырыбы: «INFLUENCE OF LEARNING MODES ON THE CHRONOTYPES OF SCHOOLCHILDREN». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.к., профессор Гумарова Л.Ж.

Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 2 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Садырбаева Г.Қ. лайық деп шешті. Тақырыбы: «ГЕМОДИНАМИКАНЫҢ ЦИРКАДИАНДЫҚ ЫРҒАҚТАРЫНА ГЕОМАГНИТТІ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.к., профессор Гумарова Л.Ж.

Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 3 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Боранбаева Г.А.лайық деп шешті. Тақырыбы: «ЖАС ЖӘНЕ КӘРІ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЛИМФА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т. Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 3 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Зияшева А.М. лайық деп шешті. Тақырыбы: «ОПРЕДЕЛЕНИЕ ПРОТОКОЛА НЕЙРОБИОУПРАВЛЕНИЯ ДЛЯ КОРРЕКЦИИ ПИЩЕВОГО ПОВЕДЕНИЯ, АССОЦИИРОВАННОГО С ОЖИРЕНИЕМ». Ғылыми жетекшісі, к.б.н., аға оқытушы Датхабаева Г.К. Комиссия «Биофизика, физиология, биомедицина және нейроғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 3 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты Манақбаева У.Е. лайық деп шешті. Тақырыбы: «БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА БІЛІМ БЕРУДЕ СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУ». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Торманов Н.Т.

Исаева Н.Б.

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының оқытушысы

Ары қарай оқу >>

«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясының «Биотехнологияның қазіргі мәселелері» бөлімінің қорытындылары

08.04.2021

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде 7 сәуір күні студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті. Конференция ашылуында биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы сөз сойлейді.

Ары қарай секцияларда баяндамалар тыңдалды. Биотехнологияның қазіргі заманғы мәселелері секциясы бойынша, төраға: б.ғ.к., доцент Кистаубаева Аида Сериковна болды және секция мүшелері: б.ғ.д., профессор Карпенюк Татьяна Анатольевна, б.ғ.д., профессор Айташева Зәуре Гайнетдиновна, б.ғ.к., доцент Жумабаева Бейбиткуль Акималиевна, б.ғ.к., доцент Жунусбаева Жазира Кабуловна, б.ғ.д., профессор Мукашева Тогжан Джангелдиновна, б.ғ.к., профессор Турашева Светлана Казбековна, б.ғ.к., аға оқытушы Кайырманова Гүлжан Кайыржановна қатысты. Барлығы 14 студент баяндама жасады, оның ішінде төмендегі студенттер жүлделі орынға ие болды: I-орынды, Гизбрехт Ангелина (IV-курс); II-орынды, Шүкүрбек Мадина (IV-курс), Камалбаева Динара (IV-курс); III-орынды, Райдинова Амина (IV-курс), Сәрсенбек Балауса (IV-курс); Мырзахметова Гүлназ (IV- курс).

 

Авторы:Доқтырбай Г.

Ары қарай оқу >>

Онлайн кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді

08.04.2021

Биотехнология кафедрасы 8 сәуірде «Биотехнология» білім беру бағдарламасында оқитын 2- және 3 курс студенттері үшін онлайн-кәсіптік бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырып өткізді. Шарада кафедра меңгерушісі А.С.Кистаубаева презентациялық материал көрсетті, онда студенттерді кафедраның оқытушылар құрамымен, ғылыми қызметімен таныстырды. Одан әрі Биотехнология кафедрасы микроорганизмдер мен өсімдіктердің биотехнологиясы, нанотехнология, биохимия, өсімдік экофизиологиясы, биоинформатика және биомедицина саласындағы мамандарды даярлауда жетекші ұжымдардың бірі болып табылады.

Әрі қарай кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қысқаша баяндамалар жасады, онда олар өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары мен жетістіктері туралы толығырақ ақпарат берді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап ала алды.

Ары қарай оқу >>

Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы

05.04.2021

Т.А.Ә.

Тағылымдамадан ту орны мен форматы

Уақыты

Тоқтырова Д.С.

Норвегия, Берген қаласы, Берген университеті. Экстремофилдер кафедрасы , Термофилдермен ғылыми-зерттеу жұмыстары лабораториясы (Оффлайн)

27.01.2020-07.02.2020

Буембаева Г.С.

Елубай Р.

Қуанышбай Ә.

Ақтау қаласы, ТОО «AGARGAN»

(Оффлайн)

05.03.2021-16.03.2021

Абылаева Ұ.

Рахымжанова Б.Е.

Ж.Жиенбаев атындағы Өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты (Онлайн)

08.02.2021-19.02.2021

Аяпберген У.

Әбубәкір Б.

Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Оффлайн)

25.03.2021-03.04.2021

Қорғанбай А.

Қосығанова А.

Жеткизгенова А.

Медеубекова Б.

Торегелдиева А.Е.

Шырынова Б.

ТОО «KazEco-Solution» (Оффлайн)

16.03.2021-26.03.2021

Белғожаев Е.

Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты (Оффлайн)

09.03.2021-19.03.2021

Джунусова Д.А.

Сарсембаева С.

ТОО «ВиваФарм» (Оффлайн)

09.03.2021-26.03.2021

 

 

Ары қарай оқу >>

Биотехнология кафедрасының доценті Гаухар КОНУСПАЕВА UMR Selmet CIRAD-қа (Франция) шақырылған ғалым ретінде қабылданды

05.04.2021

Гаухар КОНУСПАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  доценті (Алматы) UMR Selmet-те Baillarguet ғимаратында 2021 жылдың 6 сәуірінен бастап 10 айға «шақырылған ғалым» ретінде қабылданады. Бұл шара MUSE «Mak'it» бағдарламасының грантымен қаржыландырып отыр. Бұл іссапар «Түйе сүтінің технологиясы мен нарықтары: ХХІ ғасырдағы тұрақты азық-түлік жүйелерінің жаңа шегі» тақырыбына арналатын болады. Сондай-ақ, 2021 жылдың қазан айында түйе сүтінің саудасы бойынша халықаралық семинар ұйымдастыруды жоспарлайтын бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Түйе сүтін өңдеу және сипаттау бойынша UMR Qualisud және IATE серіктестіктерімен бірге атқарылатын жұмыстар жоспарлануда.

 

Онлайн газета Selmet’Infos №6,  29.03.2021

https://sway.office.com/uBR3qIO48pXXfBS6?ref=Link&loc=play

SELMET′Infos 6.pdf

 

 

SELMET'Infos 6

Lundi 29 mars 2021

 

Ары қарай оқу >>

«Отбасы және отбасы құндылықтары» тақырыбына ашық кураторлық сабақ

03.04.2021

Өткізу формасы: онлаин Zoom платформасы арқылы. 28 қантар 2021 жыл, сағ. 12 00

Қатысушылар: БТ 19-11К, 19-12К топ студенттері

Мақсаты: Отбасында адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Отбасына деген қарым-қатынасты қоғамның негізгі құндылығы ретінде тәрбиелеу

       Міндеттері: 1. Студенттерде адамның ең басты құндылықтарының бірі ретінде отбасы екендігі, өмірдегі отбасының маңыздылығы мен ролі түсініктерін қалыптастыру. 2. Студенттерде отбасылық салт-дәстүрлерді құрметтеуді, ата-анаға деген махаббат пен құрмет сенімдерін тәрбиелеу. 3. Студенттердің дүниетанымын, рухани және адамгершілік қасиеттерін, отбасының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне деген олардың азаматтық, саналы қатынастарын қалыптастыру.

Ары қарай оқу >>

⚜"ЕҢ ҮЗДІК ЭДВАЙЗЕР-2021" жобасы

03.04.2021

️Ендеше, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, Алматы қаласының аяулы ұстаздары!!!

🔹Сіздерді, қара шаңырағымыз Қазақ Ұлттық университетіндегі "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өткізілетін "ЕҢ ҮЗДІК ЭДВАЙЗЕР" жобасының 2021 жылғы үздік эдвайзерін онлайн форматта жүргізілетін факультет аралық кезеңіне қатысуға шақырамыз❕❕❕

🔹Ұстаздар арасындағы тартысты байқаудың куәгері болыңыздар!
️Біз сіздерді күтетін боламыз!!

🔹ҚазҰУ-дың ең мықты, ұйымшыл, өнері мен білімі қатар тоғысқан үздік эдвайзерін бірге анықтайық!
🔹Тіркелу уақыты: 04.04.2021-06.04.2021

#AlmatyZhastary
#ҚазҰУ_жастары
#SunkarKaznu


https://www.instagram.com/p/CNMgKKdlplg/?igshid=119rpnm0fjgfv
https://www.instagram.com/p/CNMgOCAl6nO/?igshid=zawm0lpt6v1i

Ары қарай оқу >>

Магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі

03.04.2021

Биылғы оқу жылы әлем үшін, еліміз үшін, университетіміз үшін әдеттегіден бөлек, ерекше өтіп жатқаны анық. Әлемдік пандемияға байланысты дағдарыс жағдайында магистранттардың шет елдік университеттерге шығуы, ғылыми тағылымдамадан өтуі де бір жылдан бері тоқтатылғаны белгілі.

Осынау әлемдік дағдарыс жағдайында факультет магистранттары онлайн және оффлайн аралас форматтарында Алматы қаласындағы ғана емес, еліміздің басқа да облыс, қалаларында орналасқан биотехнология, биология саласындағы Отандық ғылыми ұйымдардың базасында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Айта кету керек, бұған кафедралардың Отандық ғылыми ұйымдармен ұзақ жылдардан бері тығыз байланыстар орнатуы, алдын-ала келісім-шарттарға қол жеткізуі үлкен септігін тигізіп отырғаны анық.

 

Осы орайда факультет және кафедралардың басшылығы барлық ғылыми серіктес ұйымдарымызға алғысын білдіре отырып, арадағы ара-қатынасты ары қарай нығайтатынызға сенім білдіреді.



Ары қарай оқу >>