«Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясының «Биотехнологияның қазіргі мәселелері» бөлімінің қорытындылары

08.04.2021

Көрулер: 1729

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде 7 сәуір күні студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті. Конференция ашылуында биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы сөз сойлейді.

Ары қарай секцияларда баяндамалар тыңдалды. Биотехнологияның қазіргі заманғы мәселелері секциясы бойынша, төраға: б.ғ.к., доцент Кистаубаева Аида Сериковна болды және секция мүшелері: б.ғ.д., профессор Карпенюк Татьяна Анатольевна, б.ғ.д., профессор Айташева Зәуре Гайнетдиновна, б.ғ.к., доцент Жумабаева Бейбиткуль Акималиевна, б.ғ.к., доцент Жунусбаева Жазира Кабуловна, б.ғ.д., профессор Мукашева Тогжан Джангелдиновна, б.ғ.к., профессор Турашева Светлана Казбековна, б.ғ.к., аға оқытушы Кайырманова Гүлжан Кайыржановна қатысты. Барлығы 14 студент баяндама жасады, оның ішінде төмендегі студенттер жүлделі орынға ие болды: I-орынды, Гизбрехт Ангелина (IV-курс); II-орынды, Шүкүрбек Мадина (IV-курс), Камалбаева Динара (IV-курс); III-орынды, Райдинова Амина (IV-курс), Сәрсенбек Балауса (IV-курс); Мырзахметова Гүлназ (IV- курс).

 

Авторы:Доқтырбай Г.