Жаңалықтар

Инюшин Виктор Михайловичтің 80 жылдық мерейтойына арналға дөңгелек үстел

10.03.2021

2021 жылдың 1-наурызында биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдің Лазерлік академиясының академигі Инюшин Виктор Михайловичтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қолданбалы биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың заманауи проблемалары» атты  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел санитарлық режимді ескере отырып, офлайн және онлайн форматта жүргізілді.  Аталған іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы ұйымдастырды.

Конференция модераторлары: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүшесі Т.С. Тулеуханов,  биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының жетекшісі б.ғ.к., профессор А.М.Кустубаева.

Дөңгелек үстелді биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының жетекшісі б.ғ.к., профессор Кустубаева Альмира Мэлсовна ашып, келген қонақтарға алғыс білдіріп, профессорр В.М. Инюшинің өмір жолы мен еңбегіне тоқталды

Инюшин Виктор Михайловичті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және инновация департаментінің директоры Мұхамбетжанов Серік Көпжасарұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» кәсіподақ комитетінің жетекшісі Мекебаев Талғат Құмарғалиұлы, ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі декан орынбасарының м.а. Садвакасова Асемгүл Калыкумаровна, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы құттықтады.

Дөңгелек үстелге отандық және шетелдік ғалымдар, жас зерттеушілер және профессор В.М. Инюшиннің шәкірттері қатысты. Дөңгелек үстелдің тақырыптық бағыттары бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Атап өтетін болсақ: Санкт Петербург қаласынан б.ғ.к., Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Романенчук Кира Викторовна «В.М. Инюшин: штрихи к портрету ученого», б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүшесі Тулеуханов Султан Тулеуханович  «Термодинамика биопроцессов и явлений», «ORGANIK PRODUCTION» компаниясының ғылыми-өндірістік бөлімінің меңгерушісі Алексеева Светлана Валерьевна «Влияние гидроплазмы на пролиферативный потенциал клеточной культуры ММСК человека», биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының жетекшісі б.ғ.к., профессор Кустубаева Альмира Мэлсовна «От биофизики к нейронауке» және тағы басқалар. Мерейтой иесін құттықтап, еселі еңбегін айтып, мерейін асқақтатқан жиында республика, алыс-жақын шетел оқу орындарынан, ғылыми орталықтардан, академиялардан толассыз құттықтаулар түсіп жатты және де Қазақстанның Павлодар, Көкшетау секіді қалаларынан және Ресей Федерациясынан көпетеген ғалымдар онлайн режимде Zoom платформасында, өз құттықтауларын білдірді. Сонымен қатар іс-шара барысында профессор В.М. Инюшиннің өмірі, ғылымға қосқан жаңалықтары турлаы деректі фильмдер көрсетілді.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында ресми аккаунттардағы тікелей эфирлер циклін жалғастырамыз

10.03.2021

 

Қайырлы күн құрметті әріптестер!

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында біз әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы тікелей эфирлер циклін жалғастырамыз.

Ары қарай оқу >>

«Биотехнология» мамандығының студенті Аружан Ерғараева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның Үздік студенті - 2020» атты Халықаралық Байқауының жеңмпазы (1-Дәрежелі Диплом) атанды

09.03.2021

«Биотехнология» мамандығының студенті Аружан Ерғараева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның Үздік студенті - 2020» атты Халықаралық Байқауының жеңмпазы (1-Дәрежелі Диплом) атанды

Ары қарай оқу >>

"Қазақтың ақиық ақыны – Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығы"

09.03.2021

5 наурыз 2021 ж. Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасында 3 курс студенттерінің (БT18-17, БT18-31) және эдвайзер Атамбаева Ш.А. қатысуымен, қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Қазақтың ақиық ақыны – Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығы" онлайн-ісшара өтті. Іс-шараға Ережепов А.Е., Сарсекеева Ф.К., Ерназарова Г.И., Нармуратова М.Х. кафедра оқытушылары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу болды. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың жеке басының маңыздылығын, оның жан-жақты талантын көрсетті. Студенттер қызықты презентация дайындады, ол іс-шара қонақтарын ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды және іс-шара барысында қатысушылар ақынның өлеңдерін оқыды, көптеген таныс шығармаларды орындады.

Куратор-эдвайзер Атамбаева Ш.А.

 

Ары қарай оқу >>

Биология және биотехнология факультетінің деканы, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалімен наградталды

05.03.2021

Бүгін университеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде Биология және биотехнология факультетінің деканы, Биотехнология кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалімен наградталды.

Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

Сіздерді ақын Мұқағали Мағатаевтың 90 жылдығына арналған онлайн-шараға шақырамыз

04.03.2021

Сіздерді, ертең, 05.05.21 сағат 11:00-де өтетін ақын Мұқағали Мағатаевтың 90 жылдығына арналған онлайн-шараға шақырамыз.

Барлықтарыңызды сілтемеге қосылуды сұраймыз https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3a4c2349dcf40244bb842446bc74a1fa91%40thread.tacv2/1614864745311?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%221c7783d1-01b0-4a1a-b44d-385142b75bcd%22%7d

Куратор-эдвайзер Атамбаева Ш.А.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор Жансейт Түймебаев жас ғалымдармен және жас ғылымдар кеңесінің мүшелерімен арнайы кездесті

04.03.2021

ҚазҰУ жас ғалымдарының білім ордасының дамуындағы рөлі, олардың шығармашылық жобалары мен бастамаларын қолдау және ғылыми идеяларын талқылау мақсатында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор Жансейт Түймебаев жас ғалымдармен және жас ғылымдар кеңесінің мүшелерімен арнайы кездесті.

Әңгіме барысында оқу орнының басшысы Жансейт Түймебаев соңғы жылдары ғылым саласы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының біріне айналғанын атап өтті. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылымды қажетсінетін экономика құру мақсатын алға қойғанын, бұл тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалғастырып отырғанын жеткізді. Президент Жолдауына сәйкес, ғылым мен білімді экономиканың жекелеген салалары ретінде қалыптастыру қажеттігін алға тартты.  

«Құрылғанына 90 жылға таяп қалған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары білімі мен ғылымының флагманы, жоғары білікті кадрлар мен ғылыми жаңалықтардың ортасына айналды. Осы тұрғыда қазіргі әлемде университеттің рөлі мен үлесін білім беру функциясы ғана емес, сонымен қатар ғылыми-инновациялық бағыты қоса анықтайды.

Әлемнің көптеген жоғары дамыған озық елдеріндегі университтің жетістіктері мен инновациялық экономиканың даму көрсеткіштері «үштік спираль» моделін пайдалана отырып, өндіріс орталықтарындағы патенттер мен коммерциаланған технологияларды енгізу болып табылады. Осылайша, мемлекет қоғамға тиімді жағдайлар жасауға бағытталған ғылыми зерттеулерге, университеттерге инвестиция салудан пайда көре алады» деді өз сөзінде ректор.

Бүгінгі таңда жоғары білім мен іргелі ғылымның қара шаңырағында 40 жасқа дейінгі 311 жас ғалым жұмыс істейді. Олардың көпшілігі әлемнің жетекші университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өткен. Жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктері Қазақстанда және одан тыс жерлерде жоғары бағаланып келеді.

Келесі кезекте білім ордасының жас ғалымдары мен университеттегі жас ғылымдар кеңесінің мүшелері өз ойларын ортаға салып, ұсыныс тілектерімен бөлісті.

Шара соңында басқарма төрағасы – ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев кездесуге қатысушыларды алдағы уақытта да өзара пікір алмасуға, жас ғалымдарды қолдаудың қосымша шаралары мен тетіктерін бірлесіп әзірлеуге шақырып, ҚазҰУ ғылымы мен инновациясын одан әрі дамыту үшін идеялар мен ұсыныстар дайындауды тапсырды

Ары қарай оқу >>

Ерекше форматтағы “Қан-Өмір” атты ашық сабағымызға шақырамыз

25.02.2021

Құрметті биология және биотехнология факультетінің оқытушылары!

Сіздерді Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, «6В05102 Биология» мамандығының ББ1903 тобының  ұйымдастыруымен өтетін ерекше форматтағы “Қан-Өмір” атты ашық  сабағымызға шақырамыз. Сабақ екі әдіспен өтеді:

1)      “Жаңалық жүргізу” әдісі;

2)      Студенттер ойлап тапқан жаңа “Queans” әдісі.

Басталу уақыты: 13:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Күні: 26.02.2021

Сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3aec8cd239d4fa4e919106bc128bfb1243%40thread.tacv2/1614140169177?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%2284f3c874-3e8a-471d-bd72-dc4f8656b56f%22%7d

Ары қарай оқу >>

«Қолданбалы биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың заманауи проблемалары» атты дөңгелек үстелінің отырысына ШАҚЫРАМЫЗ!

21.02.2021

Құрметті әріптестер!

Биология ғылымдарының докторы, профессор, еңбек сіңірген өнертапқыш, Ресейдің Лазерлік академиясының академигі Инюшин Виктор Михайловичтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Қолданбалы биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың заманауи проблемалары» атты дөңгелек үстелінің отырысына

ШАҚЫРАМЫЗ!

 

Уақыты: 1 наурыз 2021 ж., сағат 10:00 (GMT +6, Алматы уақыты бойынша), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Биология және биотехнология факультеті», №6 корпус, 214 аудитория және онлайн (ZOOM)

 

Zoom конференциясына қосылу бойынша сілтеме

https://us04web.zoom.us/j/5779840597?pwd=OU5CWFNhUlVaY1FneFV4ZktnV1N2Zz09  

Конференцияның идентификаторы: 577 984 0597

Кіру коды: 236  

 

Байланыс тел: 87013996050; 87013287774

 

Профессор, б.ғ.д. В.М. Инюшинге құттықтауларыңызды мына мекен-жайға жіберулеріңізге болады аidana.saidakhmetova@kaznu.kz

Барлық құттықтаулар мерейтой иесіне беріледі.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>