ЭБЖМ деканының орынбасары Жидебекқызы А. жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды

28.12.2020

Көрулер: 1723

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы ЭжБЖМ деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD Жидебекқызы Ақнұрды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалуымен құттықтайды! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

 

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадрлар даярлауға белсенді қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге беріледі. Мемлекеттік стипендия алуға арналған Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №830 "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы №242 "Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ғылым және мемлекеттік ғылыми стипендиялар саласындағы сыйлықтардың мөлшерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №536 бұйрығымен сәйкес өткізілді.

 

Приказ 542 рус.pdf