ЭБЖМ «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Smart Marketing and Logistics» орталығының ашылғандығы туралы хабарлайды

09.12.2020

Көрулер: 1309

 

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Smart Marketing and Logistics» орталығының ашылғандығы туралы хабарлайды. Орталықтың қызметінің бағыты келесідей: оқу-ағарту қызметі, ғылыми мектептер мен пәнаралық курстар құру, консалтинг, сондай-ақ халықаралық гранттық конкурстарға қатысу.

 

Орталық аясында пандемия кезіндегі электронды сауда, азық-түлік жеткізудің "Ақылды" тізбектері, пандемиядағы логистикалық процестер сияқты ғылыми мектептер дамып келеді.

 

Орталық оқытушылардың біліктілігін арттыруға, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге, жетекші университеттердің ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тартуға және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруға бағытталған. «Smart Marketing and Logistics» орталығы әрдайым ғылыми қоғамдастық тарапынан да, бизнес пен өндіріс тарапынан да перспективалы және өзара тиімді қарым-қатынас құруға дайын.