ЭБЖМ деканының магистранттар мен докторанттармен онлайн кездесуі

18.12.2020

Көрулер: 1603

 

Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының магистранттар мен докторанттармен онлайн кездесуі өтті. Кездесуде экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Сагиева Римма Қалымбекқызы ағымдағы оқу үдерісі, академиялық адалдық саясаты, алдағы қысқы сессия туралы кіріспе сөз сөйледі. Деканның орынбасарлары сессияны тапсыру бойынша ақпарат беріп, магистранттар мен докторанттар туралы ережелермен таныстырды. Емтихандарды тапсыру маңыздылығымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысының аттестациясы, Scopus / Web of Science базаларында мақала жариялау қажеттігі атап өтілді.