15-16 наурыз аралығында Түрксой кафедрасында өткен «Түрік тілі мен мәдениеті» атты іс- шаралар

Әр жыл сайын көктемгі семестрде ұйымдастырылатын «Түрік тілі мен мәдениеті апталығы» биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы білім басқармасымен бірлесе отырып 15-19 наурыз 2021 күндері аралығында ұйымдастырылды. Бес күндік іс шара дүйсенбі күні ашылу салтанатымен басталды. Ашылу салтанатына Түркия Республикасының Бас консулы Али Рыза Акынджы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркия білім бөлімі басшысы Абдулмүталип Четин, Алматы қаласындағы білім басқармасы бөлімінің басшысы Махмуд Агырман, Шаркият факультетінің деканы Ихтияр Палтөре, Түрксой кафедрасы меңгерушісі Үміт Қыдырбаева және кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Әсіресе 12 наурыз Ән ұранның қабылданған күні мен 18 наурыз Чанаккале батырларын еске алу күндерін қамтитын бағдарлама апталығының ашылу салтанатында Түркия Республикасының Алматы  қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынджы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркия білім бөлімі басшысы Абдулмүталип Четин, Алматы қаласындағы білім басқармасы бөлімінің басшысы Махмуд Агырман, Шаркият факультетінің деканы Ихтияр Палтөре, Түрксой кафедрасы меңгерушісі Үміт Қыдырбаевалардың құттықтау сөздерінен кейін «12 наурыз Ән ұранның мақтан тұтарлық жаратылысы» тақырыбында бейне фильм көрсетілді. Кафедра оқытушысы Нуриддин Чакырдың апталықтың мағынасы мен маңызы туралы баяндамасынан кейін өткен жылдарда өткізілген «Түрік тілі мен мәдениеті апталығы» іс шараларынан естелік көріністер көрсетіле отырып, ашылу салтанаты аяқталды.  

Іс шараның екінші күні Түркияның ең жас әншісі Илкер Селимлердің әнімен «Судағы ебру өнері» (су бетінде майлы бояу арқылы салынатын сурет өнері) семинары жалғасын тапты. Алдымен ебру өнерінің (су бетіндегі майлы бояу сурет өнерінің) өткені мен бүгіні туралы баяндап берген Селимлер өз сөзін екі ебру өнері арқылы толықтырды. Қатысушылардың сұрақтарымен семинарымыз сұхбат түрінде жүзеге асты. Аталмыш іс шараға Қазақстаннан өзге Түркия мен Италия сынды мемлекеттерден көптеген түрік тілін үйреніп жатқан студенттер ме оқытушылар көрермен ретінде қатысты. 

«Түрік тілі мен мәдениеті апталығы»ның үшінші күні Түрксой кафедрасының 2-3 курс студенттерінің Түркия тақырыбындағы баяндамаларымен жалғасын тапты. «Түркия өркениет мозайкасы» тақырыбындағы баяндамамен басталған бағдарлама «Түр есімін қамтитын барлық нәрсе» тақырыбындағы баяндамамен жалғасты. Әсіресе түрік тілін меңгеріп жатқан студенттердің жаппай ат салысуына куә болған бағдарлама соңында қатысушылармен «Түркия» тақырыбы аясында сұхбат та орын алды. Бағдарлама барысында «Гелиболы ярымадасы, Чанаккале» тақырыбындағы баяндама мен Чанаккале батырлары еске алынды.

Апталықтың төртінші күні түрік әуендеріне арналды. Түркияда, Памуккале университетінде қызмет ететін доц. Серхат Сүрал «Әлемнің ритм әуені: түрік әуені» атты семинар орын алды. Семинар барысында түрік ұлттық аспабымен таныстырған Сүрал қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді. Іс шарада ұрмалы аспаптар да көрсетіле отырып, таныстырылды. Бағдарлама соңында 18 наурыз Чанаккале батырларын еске алу күніне байланысты қонағымыз Сүралдың шәкірттерімен бірге дайындаған «Чанаккале түркісі» атты бейне көрініс көрсетілді. Қатысушылар мен көрермендер іс шараға қызығушылық танытты.

Іс шараның соңғы күні Түрксой кафедрасының 1-2 курс студенттері арасында ұйымдастырылған «Оқу түсіндіру» атты түрікше оқулар байқауы орын алды. 1 курс студенттеріне Ақнұр Халел мен 2 курс студенттеріне Эльмира Монтанай жетекшілік етті. Студенттер апталықтың соңғы күні ұйымдастырылған алғашқы жиын барысында кафедра оқытушыларынан құралған әділ қазылар алқасының алдында түрік тілінде мәнерлеп тақпақ оқыды. Екінші жиында жүлдегерлер марапатталып, қатысушылар апталық туралы ой пікірлерімен бөлісті. Жиын Түрксой кафедрасы меңгерушісі Үміт Кыдырбаеваның «Түрік тілі мен мәдениеті апталығы» туралы қорытынды сөзімен аяқталды.

Кафедрада ұзақ жылдар бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келген апталық биылғы оқу жылында кафедра оқытушыларының көмегімен Алматы қаласындағы Түркия білім бөлімі тарапынан Түрксой кафедрасына жіберілген жауапты оқытушылар док. Селенай Кошумджу, док.Джерен Кабадайы және док. Нуриддин Чакырдың жауапкершілігінде жүзеге асырылды. Кафедрада білім алып жатқан студенттерді түрік мәдениетімен таныстыруды көздеген іс шара өткен жылдарда бетпе бет ұйымдастырылса, биыл Ковид-19 пандемия кезеңінде онлайн платформасында жүзеге асырылды. Онлайн платформасында жүзеге асқан бағдарламаларға апталық барысында Қазақстаннан және әлемнің түпкір түпкірінен түрік тілін үйренушілер мен көптеген оқытушылар қатысты.        

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары:                                                                                   А. Халел, PhD., Ж. Кабадайы, PhD.,  С. Кошумджу






Басылым күні :  20.03.2021