«ТҮРКСОЙ» ҰЙЫМЫ КЕЗЕКТІ ЫНТАЛАНДЫРУ ШӘКІРТАҚЫ БЕРДІ

1 ақпан 2021 жылы ҚазҰУ-да Түрксой кафедрасының 2-4 курс студенттеріне «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы атынан ынталандыру шәкіртақысын табыстау рәсімі өтті. 

Студенттерді марапаттау рәсімінде түркі әлемінің бай мұрасын насихаттап, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына қызмет етіп келе жатқан «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Құрабайұлы Қасейінов мырза сөз алып, ұйымының 2015 жылдан бері ҚазҰУ-дың сенімді серіктесі болып табылатындығын атап өтті.   Сонымен қатар өз қамқорына алған Түрксой кафедрасының студенттерін ынталандыру мақсатында жылсайын тағайындайтын шәкіртақыны биылғы оқу жылында да үздік оқитын студенттерге жалпы соммасы 1 млн. теңге көлемінде ұсынып отырғандығын айтты.

Бүгінгі таңда Түркі халықтарының мәдениетін мәдениетін жақындастыру мен бай мұрасын сақтауда сүбелі үлес қосқаны және университетпен ұдайы байланыста болып, студенттерге қолдау танытқаны үшін ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов мырза универистет ұжымы атынан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына алғыс білдірді.

Шәкіртақы иегерлері атынан 4 курс студент А. Изимова «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымына шексіз ризашылық білдіріп, болашақта жақсы маман иесі болатындығына сенім білдірді.

 

 

Басылым күні :  01.02.2021