Муғла Сытқы Кочман университетінің профессоры, доктор Мұстафа Уғурлуның «Çağatay Türkçesi hakkında: araştırılması, önemi, Türkiye’de yapılan çalışmalar» атты онлайн-семинары

Муғла Сытқы Кочман университетінің профессоры, доктор Мұстафа Уғурлуның «Çağatay Türkçesi hakkında: araştırılması, önemi, Türkiye’de yapılan çalışmalar» атты онлайн-семинары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы мен «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Муғла Сытқы Кочман университетінің профессоры, доктор Мұстафа Уғурлуның (https://www.mu.edu.tr/tr/personel/muugurlu) «Çağatay Türkçesi hakkında: araştırılması, önemi, Türkiye’de yapılan çalışmalar» атты семинары өтті. Профессор М. Уғурлы шағатай тілінің шығу тегі, жағрафиялық таралуы, «шағатай» термині сияқты мәселелерге тоқталып, ауқымды ақпарат берді.

Шағатай термині Н.Вамберидің (ең алғашқы рет “Cagata’shen Sprache” атты кітабы), Әзербайжан түркітанушы Ахмет Жафероглының еңбектерінен сөз қозғады.  

Мустафа Уғурлуның айтуы бойынша қазіргі таңда шағатай тіліне қатысты түркітану ғылымынын алдында үлкен екі мәселе тұр: біріншісі шағатай тілі жайлы ортақ сөздік құру мәселесі болса, екіншісі зерттелінбеген туындыларды ғылыми айналымға салу.

Семинарға кафераның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар және Түркияның жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары да қатысты. Семинардың соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі PhD У.Т. Кыдырбаева Шығыстану факультеті атынан «Алғыс хат» ұсынып, кафедра атынан алғыс айтты және болашақта жас түркітанушы ғалымдарға арналған семинардың жалғасын табатындығы туралы пікірін білдірді.  

 

Кайранбаева Н.

Шадкам З.

Басылым күні :  16.11.2020