Түрксой кафедрасы ұжымының 1 курс студенттерімен онлайн кездесуі

2020 жылы 2 қыркүйек күні шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасы оқытушы-профессор құрамының 1 курс студенттерімен онлайн кездесуі өтті. Кездесу барысында кафедра менгерушісі Ү.Т.Кыдырбаева, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары К.Б Жанатаева, ғылыми-инновациялық қызметтер және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Э.Ә Монтанай кафедраға қабылданған 1 курс студенттерін кафедра тынысы және оқытушылар құрамымен таныстырды. Студенттерге онлайн кездесуде қазір еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты биылғы оқу жылы қыркүйектің 14-нен басталып оқудың қашықтан жүргізілетіні хабарланды. Кездесу барысында студенттер кафедраның жетістіктері, шетел университеттерімен халықаралық байланыстары, академиялық саясат және кафедра студенттерінің студенттік өмірімен таныстырылды.

Кездесуде шетелдік ғалымдар Балоглу Селенай, Кабадайы Жерен, Чакыр мырза биыл кафедраға түскен студенттерге бейнебаян арқылы өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ кафедра оқытушылары доцент Г.К. Қортабаева және аға оқытушы Г.Қ. Теменова білім алушыларға өз тілектерін білдірді. Кафедра ұжымы бүгінгі күннің студенттер үшін ерекше екенін, жаңа өмірге қадам басып өмірлеріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі екенін атап өтті. Студенттерге университеттің қай кезде де басты бағыты ғылым мен ағартушылықты дамыту болып қала беретіндігі, оқу ордасында сапалы білім алып, мәдени іс-шараларға етене араласып, азаматтық белсенділік танытуға барынша мүмкіндік жасалатыны туралы мәлімделді.

Онлайн кездесудің соңында кафедра ұжымы студенттерге еліміздегі ең жоғарғы білім ордасы ұсынатын осындай артықшылықтарды бағалайтындығына сенім артатындарын білдіре отырып, таңдаған мамандықтары – өнерге, өнерлері – өмірге айналып,үлкен өмірде БАҚЫТ қана күтсін деген тілекпен онлайн кездесуді аяқтады.      

 

 

кафедра меңгерушісінің

оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі

орынбасары К.Б Жанатаева,

1 курс куратор-эдвайзері Халел А. 

 

 

Басылым күні :  04.09.2020