Қашықтан оқыту шартында СӨЖ ұйымдастыру әдісі

https://drive.google.com/open?id=1NQ9wyaxTDDZbcmMTxl0u_tgdLYPYCLCd

 

Қашықтан оқыту шартында СӨЖ ұйымдастыру әдісі

Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту нысаны өзекті және төтенше жағдайлар кезінде сөзсіз тиімді. Қашықтықтан оқыту жағдайында дәрістерді, семинарларды және студенттердің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) зерделеу бойынша өзіндік әдістемелік нұсқаулар бар. Оның ішінде СӨЖ маңызды. Өзіндік жұмыс бастамаларды өзін-өзі танытуға, басшылықсыз іс-қимыл жасауға ықпал етеді, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырады. Студенттердің өзіндік жұмысы-болашақ білікті маманды дайындаудағы алғашқы қадамдардың бірі.

            Қашықтан оқыту шартында СӨЖ қабылдаудың үш тиімді түрі бар. Олар: фронтальды, топтық және жеке. Фронтальды түрінде оқытудың мәні студенттер жалпы нұсқау ала отырып,  ортақ тапсырманы орындайды. Әркім өз бетімен жұмыс істейді, мақсатқа жетуге ұмтылады. Студенттердің іс-әрекеттерін ұйымдастыру және басқарудың жалпы тәсілдері қолданылады.

Топтық түрі шағын топтарда (тұрақты немесе ауысымды құрамдағы топтарда) практикалық тапсырмаларды орындау кезінде қойылған міндетті бірлесіп жұмыс істеу үшін, сондай-ақ тапсырмаларды өзара тексеру үшін пайдаланылады.

Жеке түрі әр студент үшін жеке құрастырылатын тапсырмаларды міндетті түрде орындауды қарастырады.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы

К.Б. Жанатаева

 

Басылым күні :  17.04.2020