Эрасмус бағдарламасы бойынша Түрксой кафедрасы Түркияның Хаджеттепе университетіне ғылыми іс-сапары (03.01.-13.01.2020ж.)

Эрасмус бағдарламасы бойынша Түрксой кафедрасы Түркияның Хаджеттепе университетіне ғылыми іс-сапары (03.01.-13.01.2020ж.)

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының оқытушылары профессор м.а. З. Шадкам мен аға оқытушы Н.Кайранбаева өзінің кафедра меңгерушісі Ү.Қыдырбаеваның басшылығымен осы жылдың басында қаңтар айының 3-і мен 13-і күндері арасында Эрасмус халықаралық бағдарламасы арқылы ТүркияРеспубликасының Анкара қаласына іс-сапарымен барып келді. Іс-сапардың мақсаты: екі университет арасында халықаралық байланыс ұлғайту, Хаджеттепе университетінің Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеттері бөлімінің студенттеріне дәріс беру, Түркияның білім беру жүйесінің артықшылықтарын анықтау.

Жеті күнге созылған іс-сапар алдымен Ыстамбұл университетінің Әдебиет факультетінің Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеті бөлімінің меңгерушісі проф. Мехмет Өлмездің кездесуімен басталды. Екі университет арасында халықаралық байланысты нығайту мақсатында қосдипломдық бағдарлама дайындауға іс-әрекеттер жүзеге асырылды. Кездесу нәтижесінде екі университет арасында магистрлік бағдарламаның қосдипломдық келісімшарты 2020-2021 оқу жылында бастау алатынына кәміл сенеміз.

Сонымен қатар, Түрксой кафедрасының меңгерушісі Ү.Қыдырбаева Хаджеттепе университетінің Түркият зерттеу институтының басшысы проф.Юнус Коч мырзамен ресми түрде кездесті. Кездесуде екі ғылыми орда арасында халықаралық журналдарда қос мақала жазуға өзара келісім қабылданды.

Хаджеттепе университетінде дәріс беруден тыс Түрксой кафедрасының меңгерушісі Ү.Қыдырбаева мен аға оқытушысы Н.Қайранбаева кафедраның ілгері жұмыстарын дамыту мақсатында Түркия Республикасының TİKA (Türk İşbirliği ve Koordinasyonu Ajansı Başkanlığı) халықаралық ұйымының басшысының көмекшісі мен TİKA ұйымындағы Қазақстанның координаторы Альбина Тузлумен ресми түрде кездесті.

Уақыттың қадірін пайдалана отырып, оқытушыларымыз біздің факультетіміздің қадірлі әрі жиі қонағы Түркия Республикасының Түрік тілі ұйымының басшысы проф. Гүрер Гүлсевинге бір амандасып шықты.

Іс-сапарымыздың басты кездесулердің бірі – Түркия Республикасының ТҮРКСОЙ түркі халықтарының халықаралық мәдени ұйымының (TÜRKSOY) әкімшілік, қаржылық және құқықтық істер жөніндегі директор Санжар Мүлазымоулымен кездесу.

Қорыта келгенде, Түрксой кафедрасының меңгерушісі мен оқытушылары университеттің халықаралық байланыс орнатуға үлкен еңбек етіп, осы іс-сапар факультет пен кафедра үшін зор маңызға ие болатынына кәміл сенеміз.

 Кайранбаева Н.

Басылым күні :  16.04.2020