«Ұлы даланың Ұлы Даналары»

«Ұлы даланың Ұлы Даналары»

2020 ж 28 ақпан күні сағат 19:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедра меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Монтанай Э. Және кафедра оқытушысы Т.О. Есіркептің ұйымдастастыруымен №14 жатақханада 1-курс студенттерінің арасында Әл-фараби 1150 жыл және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы даланың Ұлы Даналары атты әдеби-сазды кеші» өткізілді. Кеште 1 - курс студенттері Әл Фарабидің өмір баяны және жазған трактаттарымен тереңінен танысты. Сонымен қатар Абайдың жазған өлеңдерімен қара сөздерін жатқа айтып өтті. Кеш барысында студенттер арасында түрлі сұрақ жауаптар қойылып студенттер өздерінің білім деңгейін, шапшаңдығын, тапқырлығын көрсете білді. Оған қоса ерекше өнерлерін де паш етті.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Монтанай Э., Есіркеп Т.О.

Түрксой кафедрасының оқытушысы: Есіркеп Таңшолпан Октябрьқызы


Басылым күні :  11.03.2020