50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы негізінде өткізген Нуреттин Чакырдың «Академиялық шығыс тілін үйретуде түрік мәдениетінің элементтерін қолдану» атты шеберлік сыныбы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде  «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты тақырыпта 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтіп жатыр. Осы шараға байланысты Түрксой кафедрасының оқытушылары «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» атты тақырыпқа шеберлік сыныптарын өткізді.  Олардың бірі Түрксой кафедрасының Нуреттин Чакырдың «Академиялық шығыс тілін үйретуде түрік мәдениетінің элементтерін қолдану»  (Akademic Türkçe öğretiminde Türk Kültür öğelerinin kullanımı) атты шеберлік сыныбы өтті. Н.Демир мырзаның мастер классында өз әріптестерімен түрік тілінің жоғары деңгейде (С1-С2 деңгейі) қалай өткізу, мақсаттарын анықтау, әр студентке жеке бағыт-бағдар жасау жайлы сөз қозғады. Шеберлік сыныбында Түрксой кафедра меңгерушісі Ү.Қыдырбаева, ф.ғ.к., доцент З.Шадкам, проф. Ұ.Алжанбаева, кафедра аға оқытушылары мен магистранттар қатысты.

Жалпы, университетіміздің ұйымдастырған конференциясының негізгі мақсаты ЖОО педагогының құзыреттілік профилін қалыптастыру болып табылса, негізгі бағыттары – қазіргі жағдайдағы ЖОО түлегінің құзыреттілік моделі; білім беруді цифрландыру жағдайындағы ЖОО оқытушысының құзыреттілік профилі; ЖОО оқытушыларын оқыту және аттестаттау жүйесі; т.б. еді.

 

Кайранбаева Н.Н.

Абуова А.

Басылым күні :  12.02.2020