«Жыр падишасы - Фариза» атты поэзия кеші

11.12.19 сағат 17.00 Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының 3-4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «100 кітап » жобасы аясында қазақтың белгілі ақын қызы Ф.Оңғарсынованың 80 жылдық мерей тойына арналған «Жыр падишасы - Фариза» атты поэзия кеші өтті.

Кештің мақсаты «100 кітап » жобасы аясында студенттерге ақынның шығармашылығымен таныстырып дәріптеу және студенттерді кітап оқуға шақыру болып табылады.

Кеште 3 курс студенті Алина Сейдалы ақын апамыз Фариза Оңғарсынованың өмірбаяны туралы баяндама оқып, слайд көрсетті. Сонымен қатар, 3-4 курс студенттері ақынның «Жылдан жылға сиреуде достарым да», «Жетімхана», «Мен сонда жылап қалғам», «Перзент парызы», «Ұнатып ем» және т.б. өлеңдерін оқыды. Жырмен сусындаған кеш қонақтарын 3 курс студенті Лаура Байдоллаева «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнімен бір серпілтіп тастады. Кештің соныңа қарай Мұқағали Мақатаевтың «Фариза» монологын 1 курс студенті Аманбай Сармантаев және Фариза Оңғарсынованың «Кеттің. Енді жаныма жанашыр кім?» монологын 4 курс студенті Мадина Жұмакелді нақышына келтіріп оқып көрініс көрсетті.

Кеш соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі Үміт Тұрсынбайқызы Қыдырбаева кештің жоғарғы деңгейде өткендігін тілге тие кетіп, студенттерге және олардың куратор-эдвайзерлеріне алғыс, шығармашылық табыс тілей отырып, алдағы уақытта да осындай кештердің өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

 

Түрксой кафедрасының 3-4 курс студенттерінің

куратор-эдвайзерлері:А.Ж. Назарова, Г.Қ. Теменова

 

Басылым күні :  18.12.2019