М.К. Ататүрік құрған «Түрік тілі ұйымының» басшысымен кездесу

М.К. Ататүрік құрған «Түрік тілі ұйымының» басшысымен кездесу  

 Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүріктің бұйрығымен 1932 жылы құрылған «Түрік тілі ұйымының» басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүрер Гүлсевин және Түркияның Қыршехир қаласындағы Ахи Евран университеті, әдебиет факульетінің деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Надир Илхан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде қонақта болды. Факультет деканы Ы. Палтөре және Түрксой кафедрасының меңгерушісі Ү. Қыдырбаева шетелдік ғалымдарды факультет тынысымен, кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттармен таныстырып, «Түркі тілдерінің ортақ мәселелері және қолданыс аясы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Түрік тілі ұйымының» басшысы Г.Гүлсевин дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұйымның негізгі мақсаты мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, осы ұйымның жарияланымдарымен таныстырып, алдағы уақытта түркі дүниесіне ортақ өзекті мәселелерді көтеретін ғылыми мақала жариялауға шақырды. Ахи Евран университеті, әдебиет факультетінің деканы Н. Илхан өз университетіндегі түркітану саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы айта келіп, болашақта екі университет арасындағы қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдарын атап өтті.

Өз кезегінде түркітану мамандығы бойынша білім алып жатқан магистранттар мен докторанттар да түркі тілдерінің тарихы, қазіргі және болашағы туралы көзқарастарын білдіріп, түрік тілі және түркі тілдерінің дамуына тек Түркияда ғана емес, дүниежүзі бойынша елеулі үлес қосып келе жатқан Түрік тілі ұйымына ризашылығын білдірді.  

 

Түрксой кафедрасының профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Г.Қосымова

Ү.Қыдырбаева

 

Басылым күні :  01.12.2019