Түрік апталығының ашылуы

Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасында 2019 жылдың 11-15 наурыз аралығында жыл сайынғы өткізілетін Түрік апталығы ұйымдастырылуда. Осы жылғы Түрік апталығының ерекшелігі, іс-шаралар шетелдік оқытушылар тарапынан ұйымдастырылуда.

Түрік апталығының ашылуы 11 наурыз күні 457 аудиторияда өткізілді. Ашылу салтанатын, басты ұйымдастырушы ,Түркия Республикасынан келген аға оқытушы Селенау Балоглу өз сөзімен ашты. Ашылу салтанаты түрік халқының ұлттық тағамдарының көрсетілуімен, олардың ерекшеліктері мен қонақтарға ұсынылу ретін таныстыру арқылы басталды. Салтанатты жиынға факультет деканы Ы.Палтөре, Түрксой бөлімінің меңгерушісі Т.Қыдыр және бөлімнің басқа да оқытушы –профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

Шараның басты ұйымдастырушылары Түрксой бөлімінің аға оқытушылары Селенау Балоглу, Жерен Кабадайы және Назым Қайранбаева.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Н.Д. Сұлтанбаева.

Басылым күні :  12.03.2019