Әзербайжан Мемлекеттік Туының 100 жылдығы атап өтілді

9 қараша 2018 күні Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасында Әзербайжан тарих және мәдениет Орталығында Алматы қаласындағы Әзербайжан Республикасының Консул өкілдігі мен Түрксой кафедрасының бірлесуімен Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік байрағының 100 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті.

Кеш қонақтары Алматы қаласындағы Әзербайжан Республикасының Консул өкілі Р.А. Рзаев, шығыстану факультетінің деканы Ы. Палтөре, Иран-Тұран орталығының директоры И.Жеменей, Қазақстандағы Әзербайжан Ассоциация басшысы А.М. Хамедов, қоғам қайраткері Асылы Осман және Түрксой кафедрасының меңгерушісі Т. Қыдыр, Өзбек мәдени орталығының басшысы А.Узбеков т.б. қонақтар құттықтау сөз сөйледі.

Әзербайжан мемлекеттік туының 100 жылдығына 4 курс студенті Сұлтан Смақов арнайы презентация жасады. Іс-шараның соңында Гейдар Алиев атындағы қордың вице-президенті Л. Алиеваның қолдауымен түсірілген «Командировка длиною в жизнь» атты фильмі көрсетілді. Көрермендер 20- ғасырдың басында әзербайжан халқының тәуелсіздігі үшін күрескен қоғам қайраткерлері жайлы фильмді өте жақсы қабылдады. Соңында жиналғандар естелікке фотоға түсті.

Іс-шараны Гейдар Алиев атындағы «Дружба» республикалық қоғамының вице-президенті Насиха Кенжина және Әзербайжан тарих және мәдениет орталығының жетекшісі Гүлжамал Қортабаева ұйымдастырды.

Тюрксой кафедрасы докторанты Канашаева Г.А.

Басылым күні :  15.11.2018