Түркі халықтарының дәстүрлі ән кеші

2018 жылдың 20-шы қазан айында III. Халықаралық Түркі әлемі деректі фильмдер фестивалінің аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультетінде Түркі халықтарының дәстүрлі ән кеші Түрксой кафедрасы ұжымының ұйымдастырылуымен өткізілді. Кешке Түркі халықтары мәдени қорының директоры Ахмет Дағдұран, Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир, Түрік журналистері федерациясының президенті Йылмаз Караджа, Өнертанушы Темел Шахин, Садырбек Турдубекұлы, Атилла Гүвен, Оғыз Еге Сараоғлы және Мухаммад Талебпоуразад мырзалар қатысты. Шығыстану факультетінің деканы Ы.Палтөре мырза кештің әсерлі өтуіне ат салысқан Түркиядан келген қонақтарға және Әзербайжан, Өзбекстан, Қырым Татарларының мәдени орталығының өкілдеріне алғысын білдірді.

Дәстүрлі ән кешінде Түркия және Алматыдағы Түркі халықтары мәдени орталықтарының өкілдері өз тілдерінде ән шырқап, кеш конақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Келген әнші-жыршылар сазды әуендерімен көрермен қауымның көңілінен шығып, түбі бір түркі халықтары арасындағы рухани құндылықтардың маңыздылығын паш етті.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Ү. Қыдырбаева

Басылым күні :  23.10.2018