Көне түркі жазуларының білгір маманы, профессор Мехмет Өлмез Түрксой кафедрасында семинар өткізді

Стамбул университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мехмет Өлмез, Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында 2018 жылы 7 қыркүйек (жұма) күні сағат 10.00-13.00 аралығында семинар өткізді. Семинар тақырыбы: «Көне Түркі жазбалары және көне түркі жазбалары бойынша Моңғолия және Қырғызстанда жасалынған зерттеу жұмыстары». Семинарды тыңдауға факультет оқытушылары және студенттерімен бірге, өзге жоғары оқу орындарының тыңдаушылары келді.

Профессор Мехмет Өлмез семинарда көне түркі тіліндегі сөздерді қазіргі заманауй түркі тілдеріндегі сөздермен салыстыра, көптеген мысалдар көрсетті, сондай-ақ көне түркі жазба ескерткіштерінің табылған өңірлері мен олардың маңыздылығы жайында атап өтті. Семинар соңында факультет атынан профессорға алғыс хат берілді. Кафедра меңгерушісі профессорға болашақта келіп лекция оқып беруіне өтініш жасады.

 

Түрксой кафедрасы оқытушысы: Сұлтанбаева Нұргүл Дәулетқызы

 

Басылым күні :  11.09.2018