Түрік тілі апталығы

16-20 сәуір 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі Түрік апталығы өтті. Аталған іс-шараның аясында апталықтың бірінші күні «Жастардың қазіргі кездегі өзекті мәселелерге көзқарастары», «Досты басқа іс түскенде танисың», «Түркия-Қазақстан бауырлас елдер» атты тақырыптарында шығармалар жазудан жарыс өткізілді. Шығарма жазу жарысына 1-3 курс студенттері қатысып, өз ойларын түрік тілінде бөлісті. Шығарма жазу сайысының нәтижесі бойынша 2-3 курстар арасынан 1 орынды «5В021000-шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенті Шералы Ажар, 2 орынды «5В021200-түркітану» мамандығының 2 курс студенті Құраманғалиева Аяулым, 3 орынды ««5В021000-шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенті Жұмакелдина Мадина иеленді. Ал 1 курс студенттері арасынан 1 орынды «5В020900-шығыстану» мамандығының студенті Изимова Әсел, 2 орынды «5В020700-аударма ісі» мамандығының студенті Сейдалы Алина, 3 орынды «5В021000-шетел филологиясы» мамандығының студенті Пәрмен Сымбат иеленіп, жүлде иегерлері дипломмен марапатталды.

 

Назарова А.Ж. 

 

Басылым күні :  08.05.2018