Түрік поэзия кеші өтті
2016 жылдың 30 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы мен Қазақ Ұлттық Кітапханасының ұйымдастыруымен түрік поэзия кеші өтті. ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттері атақты түрік ақындарының өлеңдерін түрік тілінде және сол өлеңдердің аудармаларын қазақ тілінде оқыды. Бұл поэзия кешіне осы өлеңдерді қазақ тіліне аударған қазақ ақындары қонаққа шақырылды. Бұл кештің өткізілу мақсаты-Қазақстан мен Түркияның мәдени және рухани байланысын дамыту.
Поэзия кеші: студенттер, оқытушылар мен қатысушы қонақтар. | |
Поэзия кеші: Түрксой кафедрасының студенті. | |
Поэзия кеші: қатысушыларды марапаттау. |
Басылым күні : 31.03.2016