«Дешті Қыпшақ: құпия таңбалар» атты деректі фильмнің тұсаккесері өтті

 

2015 жылдың 30 қараша күні Ғылым Ордасының кинозалында «Дешті Қыпшақ: құпия таңбалар» атты деректі фильмнің тұсаккесері өтті. Аталмыш 2 сериялы туындыны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм шығарған. Фильмнің көрсетіліміне еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері, Ғылым академиясының ғалымдары мен зерттеушілері келіп тамашалады. Қыпшақ тілінің ареалдық таралымы, армян жазулы құжаттар тарихы, сондай-ақ «Кодекс Куманикус» туралы деректер тамаша баяндалды. Қырымда қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. Кино тарихи әрі тағылымы мол деректілігімен көрерменге қол соқтырды.

Көрсетілімнен кейін мінберге «Қазақфильмнің» президенті әрі сценарист Бақыт Қайырбеков шығып, жаңа туындының ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақ ғылыми-мәдени зерттеу институтының тапсырысымен түсірілгенін айтты, Ол армян жазулы құжаттар арасынан табылған нотаны Ақтоты Райымқұлованың қазіргі түрге түсіргенін айтты. Бақыт Қайырбеков қойылған сұрақтарға жауап берді және естелікке көрермендермен фотоға түсті. Көрермендердің арасынан Түркиядан келген Ардаған университетінің ғалым-ұстазы Ердоған Алтынқайнақ та рахметін айтты.

Бұл көрсетілімді тамашалауға «Құтты білік» зияткерлік клубының мүшелері және оларды клуб жетекшісі Гүлжамал Қортабаева бастап келді.

­ Гүлжамал Қортабаева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шығыстану факультеті

доцент, филол.ғ.к. 



Басылым күні :  10.12.2015