Жазушы, ақын, сыншы, эстет, аудармашы, философ, мәдениеттанушы ірі ғалым Әуезхан Қодармен кездесу өтті

   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының ұйымдастыруымен 18.11.2015 жылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында жазушы, ақын, сыншы, эстет, аудармашы, философ, мәдениеттанушы ірі ғалым Әуезхан Қодармен кездесу болып өтті. А.Кодар, «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама құрамында белсенді түрде орын алып, 10-томдық жинақтың «Постмодернизм және мәдениет» (2005) атты 2 томын қазақ тіліне аударған. 12 кітаптың авторы. Оның екеуі Қанағат қағанаты (1996), Оралу (2006) қазақ тілінде жарияланған. Аудармашы ретінде Абай, Шәкәрім, Мағжан, Махамбет поэзиясын орыс тілді аудиторияға бар нәрімен, болмысымен, поэтикалық кестесімен аударып, таныстырып жүрген үлкен тұлға Ауезхан Қодар, Шығыстану факультетінің оқытушылар мен студенттеріне рухани байлық силады. 

   Кездесуге қатысқандар: Шығыстану факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері мен Алматыдағы ашық әдеби мектептің шәкірттері.

         Ұйымдастырушылар:

  • Шығыстану факультетінің деканы профессор Жұбатова Б.Н.
  • ТҮРКСОЙ кафедрасы оқытушылары А.Тұрғанбаев, Г.Теменова, Б.Ешметова, Р.А. Авакова
  • Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары Искакова З.Е., Надирова Г.Е., Жумажанова Ф.Т.

    Кездесу барысында Ә. Қодардың шығармашылығы талданды. Үйымдастырушылардың бірі профессор Авакова Р.А. жазушы Ә.Қодар жайында:

     Әуезхан Қодар- жазушы, ақын, сыншы, эстет, аудармашы, философ, мәдениеттанушы ірі ғалым. Аудармашы ретінде Абай, Мағжан, кешегі Жұматай поэзиясын орыс тілді аудиторияға бар нәрімен, болмысымен, поэтикалық кестесімен аударып, таныстырып жүрген адам.Мифологиялық кеңістік, жалпы өркениет, мәдениеттер арасындағы диалог пен қақтығыс, қазіргі мәдениеттану мәселесіне семиотикалық тұрғыдан келудің теориялық негізі, Шығыс пен Батыс, мәдени дәстүрге, ұлт- этносқа жаңаша көзқарас, көшпелілер мәдениетінің түп тамыры, мәдениеттегі уақыт іздері, дәстүр сабақтастығы тәрізді философиялық- мәдени, этнологиялық- лингвистикалық күрделі проблемалар автордың" Степное знание" атты еңбегінде жан- жақты талқыланған ірі тұлға.

 

3 Жазушы, ақын, сыншы, эстет, аудармашы, философ, мәдениеттанушы ірі ғалым Әуезхан Қодар.
1 Әуезхан Қодармен кездесу барсысында.
2 Әуезхан Қодармен естелік фото. 

Басылым күні :  18.11.2015