«Әлемдік климаттық өзгерістер» (Алматы қаласы мысалында)

27.02.2024 жылы Түрксой кафедрасының «Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында «Әлемдік климаттық өзгерістер» (Алматы қаласы мысалында) тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты - қазіргі таңда БҰҰ жанындағы Әлемдік климаттық комитеттің соңғы шешімдерінің орындалуы және соңғы табиғи катаклизмалар туралы жедел ақпараттармен бөлісу болып табылады. Соңғы кезде мұндай табиғи апаттардың Қазақстан үшін де өте қатерлі болып тұрғанын айта кеткеніміз жөн. Соның ішінде Алматы қаласының тек сейсмикалық қатерлі аймақта тұруымен қатар, сел мен балшық көшкіні қатеріне де ұшырауы әбден мүмкін. Осы апаттардың алдын алу туралы студенттер арасында талқылаулар жүргізіліп жатыр.

3 курс студенті Көктеубай Назерке БҰҰ жанындағы Әлемдік климаттық комитеттің атқарып жатқан іс-шаралары туралы мәлімет беріп, қабылданып жатқан жобалар туралы мәлімет ұсынса, Асқар Ақбота Алматы қаласының сейсмикалық қауіп-қатері туралы ақпаратты ұсынды. Оның пікірінше, қазіргі таңда Алматы қаласы бірнеше афтершокты өткеріп жатқан қала үлкен апаттың алдында тұрғанын баян етті. Соның алдын алу үшін мемлекет тарапынан орындалып жатқан шаралардың ауқымдылығы және оның Алматы қаласының тұрғындары үшін өте қажетті екендігіне көз жеткізді. Ал Азатұлы Абылай Алматы қаласының тек сейсмикалық қатердің алдында тұрмағандығын, сонымен қатар сел мен балшық көшкіні қаупінің де өте қатерлі екендігін атап өтті.

Жалпы студенттер әлемдік табиғи катаклизмаларға бей-жай қарамай, қазірден бастап үлкен дайындыққа көшудің қаншалықты маңызды екендігін атап өтті. 

Іс-шара қазіргі өмір сүру тұрғысынан алып қарағанда өте пайдалы болды. 

 

 

Куратор-эдвайзер Әбелдаев Ж.Ә. 

Басылым күні :  04.03.2024