«Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

«Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша белсенді шаралар аясында 2024 жылдың 21 ақпанында «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында куратор сағаты өтті. Іс-шара шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 1 курс студенттеріне нашақорлықтың зияндылығымен таныстыру және осы құбылысқа теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу, сонымен қатар нашақорлықтың денсаулыққа және қоғамға төндіретін қауіпі туралы түсінік беру болды. Студенттер нашақорлық және Қазақстандағы синтетикалық есірткіні тарату саласындағы қылмыстық жауапкершілікпен таныстырылды.

Іс-шара студенттерге осы тақырып бойынша өз пікірлерін білдіруге және сұрақтар қоюға мүмкіндік беру үшін сұрақ-жауап форматында өтті. Әсіресе, студенттердің есірткіге қатысты пікірлерін, оларға мұндай дәрі-дәрмек ұсынылды ма, жоқ па, олардың осы жаман әдетпен ауырғандарды тани ма, жоқ па, сияқты сұрақтармен басталды. Сондай-ақ, ішімдік пен темекі шегу сияқты басқа да зиянды әдеттер, олардың өскелең ұрпақ денсаулығына тигізетін кері әсері сөз болды.

Куратор-эдвайзер: Қайранбаева Н.Н.

Басылым күні :  26.02.2024