«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш

08.12. 2024. сағат 15.00-де әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 2-4 курс, студенттерінің ұйымдастыруымен  Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. Кеште студенттер Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның қаламынан төгілген өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сөзжұмбақтар жасырылып, ойындар ойнатылды. Кештің соңы ақынның сөзіне жазылған сазды әуендермен аяқталды.  

 

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының

 куратор-эдвайзерлері А.Ж. Назарова, Н.М. 

Шуиншина –Мета,  Ж.А. Абелдаев


Басылым күні :  12.02.2024