«Түркия мен Қазақстандағы жоғары білім берудің мәселелері мен болашағы»

Бүгін 2023 жылдың 2 қараша күні  сағат 16.00 де  546- аудиторияда Түрксой кафедрасының  ОПҚ құрамы және студенттермен  Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде Түркия Республикасы Кония қаласы Селбджук Университетінің профессоры, гуманитарлық білімдер институтының директоры Мустафа Демирджимен  «Түркия мен Қазақстандағы жоғары білім берудің мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтілді.

Бұл шара тұрақты даму мақсаттары негізінде өткізілді. Семинар барысында сапалы білім беру мәселесі көтерілді. Профессор Мұстафа Демирджи Түркиядағы жоғары білім беру жүйесінің пайда болуы, дамуы және болашағы туралы айтты. Түрксой кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары Қазақстанның білім беру жүйесі туралы баяндамалар жасады. Аталған семинар барысында Түркия мен Қазақстандағы білім беру жүйесінің проблемалары туралы қызықты пікірлер айтылды және маңызды ақпараттарға толы болды.

Түрксой кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары,  оқытушы

Монтанай Эльмира Әзімбайқызы

 


Басылым күні :  03.11.2023