Түрксой студенттерінің театрдағы демалыс күні

 

2023 жылдың 19 ақпан күні Түрксой кафедрасының 2 курс студенттерімен бірге демалыс күнді тиімді өткізу мақсатында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.О. Әуезов атындағы Қазақтың академиялық драма театрына барып, М.Нұрмағамбетовтің «Қожанасыр тірі екен» атты комедиялық қойылымын тамашалап қайттық.

Аталмыш қойылым түркі әлемінің атақты фольклорлық кейіпкері Қожанасыр атамыздың образы арқылы күллі түркі әлемінің басын біріктіру, түркі халықтарын ауызбіршілікке шақыру идеясын көздейді. Қожанасырдың 799 жыл өмір сүріп, қазіргі заманға жетуі, осы заманда өмір сүріп жатқан ұрпақтарымен түркі бірілігі мәселесін бірге шешуге талпынуы постмодернистік сарынды еске салды. Өткен мен бүгінді байланыстыра отырып, қойылымның режиссері метамәтіндік үйлесімді әдемі үйлестіре білген. Әсіресе Қожанасыр бейнесін сәтті сомдаған белгілі әртіс Бекжан Тұрыстың актерлік шеберлігіне көрермен ерекше қошемет білдірді.

Қойылымнан соң студент жастармен бірге дәмханадан дәм татып, қойылымның қызықтарымен бөлістік. Жалпы, демалыс күніміз өте қызықты әрі пайдалы өтті.

 

                                                              Түрксой кафедрасы

                                                               2 курс куратор-эдвайзері Ж.Ә.Әбелдаев

Басылым күні :  22.02.2023