«XIV ғ. осман тілінде жазылған "Сухейл мен Невбахар" атты мәтінді оқып талдау» атты дөңгелек үстел

 

2022 жылдың 12-желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен университет тарапынан арнайы шақырылған Ескишехир Османгази университетінің профессоры Ердоган Бозының «XIV ғ. осман тілінде жазылған "Сухейл мен Невбахар" атты мәтінді оқып талдау» атты дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелде осман тіліндегі мәтіннің талдауымен қатар, тіл ерекшеліктері көрсетіліп, шағатай тілімен салыстырылды. Шараға кафедра оқытушылары Ж.Әбелдаев, С.Кошумджу, М.Исаханова, Н.Кайранбаева, сонымен қатар докторант пен магистранттар қатсты.

Ердоған Боз осман тіліндегі мәтінді дұрыс талдау, «везин», «аруз», «назым», «редиф», «кафийе» ажырататын ерекшеліктерді, дұрыс фонетикалық және грамматикалық талдау жасауға практикалық жағынан түсіндірді.

Шара соңында ОҒЗ-дің директоры З.Шадкам құрметті қонағымызға жылы лебізін білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады. Ердоған Боз 2022 жылдың 25-желтоқсанға дейін Шығыстану факультетінде дәрістерін жалғастыратынын ескереміз.

Н.Н.Кайранбаева

Басылым күні :  13.12.2022