«Қазақ және түрік фразеологизмдерінің лингвомәдени аспектісі» атты ғылыми семинар

 

10.11.2022 ж. Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында «8D02301-Аударма ісі» білім беру бағдарламасының докторанты М.Қ.Оразбаева «Қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени сипаты» атты ғылыми семинар өткізді.

Ғылыми семинарға Түрксой кафедрасының оқытушы-профессор құрамы, атап айтқанда, Түрксой кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Теменова Гүлзада Қанатқызы, PhD., ассоц.профессор Құрманәлі Алтыншаш Арыстанбекқызы, PhD., доцент м.а. Қуанышбаев Ержан Айтуұлы және магистранттар қатысты.

Ғылыми семинар қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдерді лингвомәдениеттану тұрғысынан салыстыра зерделеуге, тілдік деректермен қатар, туыстас халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне және тарихи деректерге сүйене отырып, аталған тілдердегі фразеологизмдердің лингвомәдени сипатын зерделеуге арналды.

Баяндамашы отандық және шетел ғалымдарының лингвомәдениетанымдық зерттеулеріне шолу жасап, қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени ерекшеліктерін мысалдармен дәйектеп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ашып көрсетті.

Баяндамашы ғылыми семинардың соңында тыңдаушылардан келген қызықты сұрақтарға жауап беріп, қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени табиғаты жан-жақты талқыланды.

Басылым күні :  16.11.2022