"Жасай бер, елім!" атты әдеби-музыкалық кеш

 

        2022 жылдың 20 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында «Республика күні» мерекесіне арналған "Жасай бер, елім!" атты әдеби-музыкалық кеш өтті. 

Куратор-эдвайзер, PhD Исаханова Мейірімнің «Шығыстану» және «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттерімен бірге ұйымдастыруымен өткізідге бұл мерекелік кешке кафедраның профессор-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты. Түрксой кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары Жанатаева Гүлжан жиынды ашып, мерейлі мерекенің маңызына тоқталды. Жиында сөз сөйлеген кафедра оқытушылары PhD, қауымдастырылған профессор Құрманәлі Алтыншаш, шетелдік қонақ оқытушы, PhD Кошумджу Селенай, магистр, аға оқытушы Әбелдаев Жеңісбек профессор-оқытушы құрамы мен студенттерді мерейлі мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.  

Кеш жүргізушілері Салимбай Асель мен Акбаржанова Зубайдам 13 жыл арадан кейін тойланғалы отырған ұлық мерекенің тарихына тоқталып өтті.

Асимова Рахилям «Қазақстан Республикасының қысқаша тарихы» атты презентация жасап, Маликова Медина «Кім білгір?» атты викториналық ойын ұйымдастырды.

         Кафедраның өнерлі жастары жанға рух беретін патриоттық әндер орындап, жүрек тебірентер өлеңдер оқыды. Атап айтқанда, Асан Ақерке «Республика күніне» арнап жазған «Біз қазақ кім едік?» атты өз туындысын оқыды. Қартаңбай Нұрай «Астана» әнімен шашу шашты. Әбілмажін Бегимай Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын»,

         Серқазы Ержанат Мұқағали Мақатаевтың «Отан» атты өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш қонағы №142 мектебінің 8-сынып оқушысы Салимбай Дастан «Балбырауын» және «Адай» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Студенттердің топпен билеген «Мерекелік флешмоб» биі көрермендердің көңілінен шықты.  

       «Республика күніне» арналған әдеби-музыкалық кеш мерекелік көңіл күй сыйлап, мазмұнды және тағылымды өтті.

 Құрманәлі Алтыншаш Арыстанбекқызы

PhD, қауымдастырылған профессор

Исаханова Мейірім Маликовна

PhD, оқытушы

Басылым күні :  22.10.2022