Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті Шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасында түрік тілі мен мәдениетіне арналған жыл сайын өткізілетін апталықтың салтанатты ашылуы өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде түрік тілі мен мәдениетіне арналған жыл сайын өткізілетін апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл дәстүр университеттің бір жылға арналған негізгі іс-шаралардың біріне айналып, біздің оқу орнымызда өткізілетін жарқын іс-шаралардың бірі болып табылады. Аталған іс-шара Түркия Республикасының Білім Министрлігі атташесінің қолдауымен Шығыстану факультеті, Турксой кафедрасымен ұйымдастырылып, өткізілді. Дәстүр бойынша "Түрік тілі және мәдениеті" апталығының ашылуына Түрік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынджи.
Іс-шара бағдарламасы Түрік елі мен оның халқының негізгі ерекшеліктерін барынша ашуға, түрік мәдениетінің сан қырлы жақтарын танытуға, түрік тіліне деген сүйіспеншілікті оятуға, қонақтар мен жас мамандарды ұлы мұраның тереңдігі мен кеңдігін түсінуге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы өткізілетін мәдени іс-шараны ашу құрметі Бас Консул Али Рыза Акынджиға берілді. Ағартушылық іс-шаралардың бастамшысы және ұйымдастырушысы болып табылатын деканымыз Ихтияр Палтаран өз сөзін жыл сайын осы дәстүрді сақтап, өткізілуіне ат салысып жүрген жауапты адамдарға алғыс білдіруден бастады.
Барлық алға қойған міндеттерге қол жеткізу мақсатында бағдарламаға Түркия тарихының қызықты кезеңдерін тебіренте баяндайтын деректі фильмнің көрсетілімі мен түріктің әуезді тілінің әсемдігін көрсететін өлең-жырларды мәнерлеп оқушылар байқауы толықтырды.
Тақырыптық апталықты өткізу кезінде шырқалған түрік музыкасы барлық қатысушыларға түрік халқының қуанышын, үмітін және ұмтылысын жеткізетін, әсемдік пен колоритке негізделген халықтық мотивтерге толы жағымды атмосфера сыйлады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар өткен жылдардағы түрік тілі мен мәдениеті апталығынан естелік бейне материалдарды көрсету арқылы қуанышты кездесулермен ұмытылмас эмоцияларды еске түсірді. Мәдениіс-шараның барлық қатысушылары ұлттық киімдеркиіп, қонақтарға түрік халқының ұлттық тағамдарыұсынылды. Барлық қатысушылар өздерін жайлы сезінді.
Құрметті қонақтарымыз білім жөніндегі атташеМахмут Ағырман мен түркі кафедрасыныңмеңгерушісі Мырзахан Шәріпбайұлы сөз сөйледі. Студенттер жылы шырай танытып, білдіргентілектеріне қол соқты.
Қазіргі таңда мәдениеттер арасындағы диалогтардыңқиын жағдайда екенін көре тұра, мәдениеттердідәріптеу, басқа мәдениеттерге сый мен құрметкөрсету, басқа мәдениеттердің ерекшеліктері туралыбілімді таратуға бағытталған шаралар барған сайынөзекті бола түсуде.
Біздің университет түрік тілі мен мәдениетіапталығын өткізу арқылы жас ұрпақтың санасынамәдениетаралық диалогтың маңыздылығы менқұндылығы туралы маңызды мағлұматтарды сіңдіреалады деген үмітте.
Қорытындылай келе, түрік тілі мен мәдениетіапталығын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысқан Чакыр Нуреттинге, Селенай Кошумджикпен Исаханова Мейрим Маликовнаға алғысбілдіргіміз келеді.
Біз сондай-ақ жыл сайын жоғары деңгейдетәрбиелік және ағартушылық іс-шараларын өткізетін"Түркі" бөлімінің барлық қызметкерлеріне алғыс айтаотырып, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер дептілегімізді білдіреміз.
ТҮРКСОЙ кафедрасының доценті: Дулаева Э. З.
ТҮРКСОЙ кафедрасының аға оқытушысы: Халел А.