«Аналар мен Арулар» мерекесі

Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Қазақ халқы ананы, қыз баланы құрметтеуге, қадірлеуге үндеген. Осы шуақты көктемнің әсем мерекесінде Аударма ісі және шетел филологиясы мамандығының 2 курс студенттері мен кураторы А.Халелдің ұйымдастыруымен «Аналар мен Арулар» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты 8-наурыз халықаралық әйелдер күні ардақты аналарды, ұстаздарды және әсем де сұлу қыздарды осындай жылдың жайма-шуақ мезгілімен сәйкес келген мерекесімен құттықтап, әйел затының өмірдің барлық кезеңінде атқаратын ерекше рөлін атап өту. Сонымен қатар, нәзік жандарға арнап өлең-жырларын, ән мен билерін арнау.

Тәрбие сағатымыздың алғашқы құттықтау сөзі факультет деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - Әмірбекова Үмітай Әбдіқаппарқызына берілді. Сонымен қатар, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD Жақыбаева Салтанат Төлеуқызы, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра менгерушісінің орынбасары Жанатаева Күлжан Бекенқызы, гуманитарлық ғылымдардың магистрі Исаханова Мейрим Маликовна, Түрксой кафедрасының оқытушы-профессор құрамы Назарова А.Ж, Н.М.Шуиншина Мета және Кузекбаева Қарлығаш ханымда көктем мерекесімен құттықтап, өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді.

Тәрбие сағаты барысында студенттер мерекенің тарихына тоқталып, әйел адамдарының қайсарлығы, даналығы сөз етіліп, өздері дайындаған мерекелік концерттік бағдарламарын ұсынды. Аналарға, ұстаздарға арналған жырларын оқып, өз алғыстарын білдірді.

 

 

                                                                   Шығыстану факультеті

                                                                         Түрксой кафедрасының аға оқытушылары:

                                                                          Халел А., Дулаева Э.

Басылым күні :  07.03.2022