Оқытудың озық аударма технологиялары мен интеграция әдістерді тиімді қолдану

Түрксой кафедрасының 3 курс студенттері сапалы және тиімді сабақтарға қатысуда. Жақында ​ ​ тілдік- мәдени құрылымды ​ озық технологияларды қолданылған ашық сабақ кәсіби тұрғыдан өтікізілді. "Түрксой" кафедрасының аударма бөлімінің 3 курс студенттері ұйымшылдығымен және ішкі ынтасымен ерекшеленеді және де әрбір сабаққа сабаққа ерекше дайыналады. "Türk kültürü " атты тақырыптағы ашық сабаққа студенттер сабақтың ​ мақсат-міндетіне жауап беретін презентацияны өздері дайындады. Презентацияда ақпарат беру ережелерін сақтай отырып, интерактивті тапсырмаларды қолдана отырып, түрік халқының салт-дәстүрлері туралы ақпаратпен бөлісті, қонақтарға ұлттық музыкалық аспаптарды тыңдатты. Сабақта студенттер ақпаратты өңдейді, ең бастысы, арнайы эффектілерді қолдана отырып, негізгі ойды ажыратады, соңында блиц сауалнамасымен берілген ақпаратты меңгереді. Студенттерді сабаққа ​ тарту арқылы ​ ең бастысы, осы ғылыми-зерттеу дағдылары қалыптасады.

Ерекше атмосферада ұлттық стереотип, сәлемдесу, құттықтау тәрізді тілдік бірліктер талқыланды. Еркін әңгіме-талқылау барысында лингвомәдениеттің іргелі аспектілерді талқылаудан өтті. Оқытушы Эльнара Зильпикаровна Дулаева және оның студенттері тақырыпты түсініп қана қоймай, қойылған мақсаттарға қол жеткізді. Сонымен қатар авторлық техника, интерактивті қызмет және заманауи технологиялардың арқасында практикалық сабақ студент жадында мәңгі қалады.

Доцент м.а.​ Дулаева Эльнара Зильпикаровна және "Түрксой" кафедрасының 3 курс студенттері кафедраның дамуына және оқыту сапасын жақсартуға қосқан үлесі үшін кафедраның аға оқытушысы Халел Агнұрға алғыс білдіреді. Сондай-ақ сабақ қонақтары доцент Құрманали Алтыншаш ​ және Халал Агнур ​ тәжірибелі оқытушының күнделікті лингвомәдени сабақтарының ашық сабақтан кем түспейтінін баса айтты.

Басылым күні :  19.10.2021