БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР

18.03.2020

Көрулер: 1803

Алматы қаласында орналасқан Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Білім беру Орталығы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының негізгі серіктестірінің бірі.

Мінекей, бірнеше жылдан бері біздің студенттеріміз педагогикалық және өндірістік тәжірибені осы Орталықта өтіп жүр. Биыл біздің түлектеріміз Әлиясова Мейірім мен Әмірбек Назерке Білім беру Орталығына жұмысқа қабылданды. Мейірім қазір әкімшілік қызметкер болып жұмыс атқарады.  Оның негізгі міндеттері: құжаттар мен мақалаларды аудару, әлеуметтік желілерді басқару, корей тілінде дәріс оқу,
шетелдіктерге арналған оқу бағдарламаларын бақылау және басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау. Ал Назерке Орталықтың ішкі жұмыстарымен айналысады, құжаттама жұмыстарына жауапты. Түрлі стипендиялық бағдарламар өткізілетін уақытта талапкерлер Назерке арқылы кеңес ала отырып,  сол бағдарламаларға құжаттарын тапсыра алады. Студенттер тапсыратын барлық құжаттарды да Назерке тексереді. Ісшара өткізілуі кезінде музыкалық аспаптардың, залдың ішкі күйінің дұрыс болуына жауапты. Сондай-ақ, Назерке жаңа кітаптарға жаттығулар әзірлейді, сайтқа жаңалықтар мен хабарламаларды шығарып, оларды аударумен де айналысады.  Түлектеріміздің университет қабырғасында алған теориялық білімдерін өндірісте толық пайдаланып, кәсіби біліктілігі жоғары маман болатындықтарына сеніміз мол. Әрі қарай да Білім беру орталығымен серіктестігіміз жалғаса береді деген үміттеміз.