Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Шығыстану факультетінің студенттер үйінде әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өткізілді

07.02.2020

Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған студенттер үйінде мерекелік кеш өтті.

Шығыстану факультетінің деканы Ы.Палтөре сөз сөйлеп студенттерді әл-Фараби бабамыздың 1150-жылдық мерейтойымен құттықтады. Мерекелік іс-шараға деканның оқу әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары Ш. Канафьева, аға эдвайзер А.Ақылбек, кафедра меңгерушісі П.Сулейменов, Б.Мырзабекова, А.Тұрар т.б оқытушылар қатысты.

Мерекелік іс-шараға ұлттық асапартармен атап айтқанда, шығыстану факультетінің 1-курс студенттері Тілектес Назеркенің домбырасы, Айтолқын Канафеваның қобызы, Қанат Абжаловтың «Уд» атты арабтың музыкалық аспабы үшеуі қосылып Нұрғиса Тілендиевтің ән қоржынынан бірнеше әндерді бірге орындады. Осы шарада алғаш рет «Уд» музыкалық аспабын құйқылжытып тартқанда құлаққа жағымды үнімен студенттер ерекше көңіл-күйге бөленді.

Мерекелік іс-шара соңында факультет деканы Ы.Палтөре мырза арнайы Түркістан қаласынан келген Абжалов Қанат Мәлікұлына өз ризашылығын білдіріп, ұжым атынан алғыс хатпен марапаттады.

Студенттер үйінде өткен музыкалық іс-шара студенттерге шабыт сыйлап, білім мен ғылымға деген ынталарын артырды деген сенімдеміз.

Ары қарай оқу >>

ЕЛШІ САҒАТЫ

07.02.2020

2020 жылдың 30 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумар мырзаның қатысуымен «Елші сағаты» өтті. Бұл іс-шара Үндістан Республикасының 70 жылдығына және үнді халқының рухани көшбасшысы Махатма Гандиге арналды.

1950 жылы 26 қаңтарда Үндістанның Конституциясы қабылданып, Үндістан Республикасының күні болып жарияланған болатын. Ал Махатма Ганди Үндістанның тәуелсіздік жолындағы күресінің көсемі ретінде танымал.

         «Елші сағаты» Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының жанындағы «Махатма Ганди атындағы орталық» ұйымдастырылды. Бұндай іс-шаралардың мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Үндістан Республикасының университеттері арасындағы білім-ғылым және мәдени байланыстарды дамыту болып табылады. Аталмыш іс-шараға Үнді классикалық би орталығының директоры Қайназарова Ақмарал және үндітану бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

         Үндістан Республикасының елшісі Прабхат Кумар мырза өз сөзінде шығыстану факультетінің ұжымы мен студенттерін әл-Фараби бабамыздың 1150-жылдық мерейтойымен құттықтады. Үндістан мен Қазақстан арасындағы достық, мәдени-ғылыми байланыстарды арттыру туралы ой-пікірлерін баяндады. Елші үнді тілін үйренушілерді оқулықтар және көркем әдебиетпен қамтамасыз ету, бірлескен ғылыми конференциялар ұйымдастыру, студенттердің ғылыми ізденістеріне қолдау көрсету туралы ойларымен де бөлісті.

         Үндітану бөлімінің студенттері М.Гандидің қанатты сөздерін оқып, өмірінен көріністер көрсетіп, әндер шырқады Махатма Гандидің өмірі мен қызметі туралы пікірлер айтылды.

         Бұл іс-шараға қатысқан Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдениеті орталығының директоры Санджай Гарг студенттердің көрсеткен өнерлеріне тәнті болып, ризашылығын білдіріп, факультеттің ұжымы мен үндітану бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамына өз алғысын білдірді.

         Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы мен Үндістан елшілігі бірлесіп өткізген бұл іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Үндістан елшісі үндітану бөлімінің атқарып жатқан істеріне және студенттердің үнді тілін үйрену мен Үндістанды танудағы белсенділігіне ризашылығын білдіріп, ҚазҰУ мен Үндістан Республикасы университеттері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға алдағы уақыттарда күш салатындығын айтты.

Ары қарай оқу >>

Корей дәрістері

07.02.2020

Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінде корей тілін тереңдетіп оқыту бойынша онлайн курстарының гранттық жобасы іске асырылуда. Гранттық жоба Корея қоры (The Korea Foundation) мен Сукмёнг қыздар университетінің (Sookmyung Women’s University) қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда.

Ары қарай оқу >>

ҮНДІСТАННЫҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІНІҢ 71 ЖЫЛДЫҒЫ ЖӘНЕ МАХАТМА ГАНДИДІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

31.01.2020

2020 жылдың 30 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Үндістан Республикасының 71 жылдығына және үнді халқының рухани көшбасшысы Махатма Гандидің құрметіне орай мәдени іс-шара өтті.

Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті мен Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігі бірлесуімен ұйымдастырылды.

Осы іс-шара аясында 2020 жылдың 30 қаңтары – Махатма Гандиды еске алу күні – оның қанатты сөздеріне арналды. Шығыстану факультеті үндітану бөлімінің студенттері Махатма Гандидың қанатты сөздерін оқып, Махатма Гандидің құрметіне ән шырқап, өмірінен үзінді көрініс көрсетіп, оның жан дүниесіне қандай рух әсер еткендігімен бөлісті.

Іс-шараға Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар, Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдениеті орталығының директоры Санджай Гарг, Үнді классикалық биі орталығының директоры Қайназарова Ақмарал, Шығыстану факультеті үндітану бөлімінің оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

«ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымынан студенттерге шәкіртақы

29.01.2020

 

27 қаңтар 2020 жылы Түрксой кафедрасының 1-3 курс студенттеріне «Түрксой» халықаралық ұйымы атынан шәкіртақы табыстау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінде «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы атынан ұйымның Қазақстан Республикасындағы өкілі Асқар Тұрғанбай мырза құттықтау сөз сөйлеп студенттерге жалпы 1 млн теңге көлемінде шәкіртақы ұсынды. Шәкіртақыға ие болған білімалушылардың атынан 3-курс студенті Тойболды Айгерім алғысын білдірді.

Түрксой халықаралық ұйымы ұзақ уақыттан бері ҚазҰУ-дың сенімді серіктесі болып табылады. Ұйым,Түрксой кафедрасы мен факультетке шетелдік профессорларды шақыру, ғылыми конференцияларды өткізуге қолдау көрсету, ғылыми тағылымдамалар мен оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бағыттары бойынша Түрксой халықаралық ұйымы мен белсенді түрде ынтымақтастық орнатып келгені үшін Қасейінов Дүйсен Құрабайұлына ректор атынан алғыс хат берліді.

Шәкіртақы иегерлерін құттықтай келе , өз білімі мен болашағына сенімді білікті маман болуларын тілейміз.

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Бункё Гакуин университетінде

27.01.2020

Берекеев Қайсар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс студенті, 29 тамыз 2019 ж. - 31 желтоқсан 2019 ж. аралығында Бункё Гакуин Халықаралық Университетінде (Токио қ., Жапония) тағылымдамадан өтті. Студент ҚазҰУ мен Бункё Гакуин Халықаралық Университетімен жасалған әріптестік қатынастар жөніндегі келісім-шарты негізінде Жапонияда оқуға мүмкіндік алды.

Ары қарай оқу >>

Kitap fest

27.01.2020

Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 2 курс студенті Абзалова Жұлдыз "Sanaly Urpaq” Академиялық Студенттік Кеңесінің төрайымы. Бұл Студенттік Кеңес студенттерге арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырады.

Ары қарай оқу >>

Көк Жайлауға саяхат

27.01.2020

Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 2 курс студенттері мен Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға келген жапондық студенттер Алматы қаласының маңындағы Көк-Жайлау тауына бірге серуендеуге барды.

Ары қарай оқу >>

Елші сағаты

24.01.2020

Биылғы жылдың 20 қаңтарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы жанындағы «Әзірбайжан тарих және мәдениет» Орталығында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Елші сағаты» өтті. Әзірбайжан Елші сағатының мақсаты: Қазақстан-Әзербайжан мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, түркі тілдес елдердің ортақ мәдениетін дәріптеу, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Баку университеттері арасындағы білім және мәдени байланысты дамыту.

 

Ары қарай оқу >>