Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

"Сұңқар" студенттер кәсіподағы

20.02.2020

 Айсаутова Айбану Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 2 курс студенті, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы. Шығыстану факультеті "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы 7 категория бойынша, оның ішінде: көпбалалы, жартылай жетім, балалы студенттер, мүмкіндігі шектеулі, асқазан және қант диабетімен ауыратын студенттер, ата-анасы ажырасқан студенттер және толық жетім студенттерге көмек көрсетумен айналысады.

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс кафедрасындағы шеберлік сағаты

19.02.2020

12-13 ақпан аралығында университетімізде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білм беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының замануи интерпретациясы» атты 50-Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Бірінші күні пленарлық мәжілістен кейін әр факультетте мастер-кластар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Бағдарламаға сәйкес шығыстану факультетінде «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбында секция жұмыстары ашылды.

Қиыр Шығыс кафедрасының ұстаздары Цой Ми Ок «Корей тілінде «сөйлесім» дағдысын үйретуді тиімді әдістері», Юн Хен Сук «Корей тілі бойынша ауызша аударма әдістері» және Ниномия Такаши «Жапон тілін үйретудің оңтайлы әдіс-тәсілдері: зат есім мен сан есім» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Дұрыс тамақтану мәдениеті

19.02.2020

18.02.2010 ж. № 14 Студенттер үйінде Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 2 курс куратор-эдвайзері «Дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

МЕН ЖӘНЕ КОРЕЯ

19.02.2020

2020 жылдың 17 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында жыл сайын өткізілетін дәстүрлі корейтану апталығы өз жұмысын бастады.

Корейтану апталығының алғашқы күні 1 курс студенттеріне арналған «Мен және Корея» атты мерекелік шарамен ашылды. Ғылыми-танымдық маңызы бар сайысты корейтану бөлімінің меңгерушісі, шақыртылған профессор Ли Бенг Джо мен кафедраның аға оқытушысы Б.Ж.Ташкенбаеваның басшылығымен 2 курс студенттері ұйымдастырды. Қазақ жерінен шалғайда жатқан Корея елінің өзіндік ерекшеліктері туралы танымдық презентация көрсетілді. Төрт топқа бөлінген студенттерге Кореяның тарихы, салт-дәстүрі, қазіргі танымал K-pop топтары мен киносериалдары туралы қызықты сұрақтар берілді. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, барлығына бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, корей тілінде ән айтылып, би биленді. Бұл іс-шараның мақсаты корейтану саласы бойынша маманданып жүрген студенттердің қазіргі Кореяның әлеуметтік-мәдени өмірі туралы түсініктерін арттыру болып табылады.

Ары қарай оқу >>

ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ КАФЕДРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП САҒАТЫ

17.02.2020

2020 жылдың 12 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің мерейтойына арналып өткізілген «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фараби педагогикалық тұжырымдамасының замануи интерпретациясы» тақырыбындағы 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында шетелдік докторлар Сабри Муаз Сулейман Хуссейн мен Әбулфутух Сабри Юнус шеберлік сынып сағаттарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

ЕСІҢДЕ БАР МА ЖАС КҮНІҢ

14.02.2020

2020 жылдың 14 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №14 Студенттер үйінде шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен «Шин сэдэ» үйірмесінің аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Есіңде бар ма жас күнің» тақырыбында шағын мәдени-танымдық әдеби кеш өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Атырау қаласындағы кәсіби бағыт-бағдар жұмысы

13.02.2020

         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының жапон тілі оқытушысы Боранкулова С.К. мен Цукуба Университетінен шақырылған профессор Ниномия Т. Цукуба университеті (Жапония) жобасының аясында Атырау қаласының мектептерінде кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

         Атырау қаласындағы облыстық төрт «Дарын» мектебі мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетіндегі оқу үдерісімен таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылармен кездесу барысында Жапония және жапон тілі, мәдениеті жайлы жалпы мағлұмат беріліп, Жапониядағы жоғары оқу орнына түсу жолдары, ҚазҰУ-дағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы жайлы айтылды. Университет пен түлектер туралы бейнематериалдар көрсетіліп, буклеттер таратылды. Оқушылардың өз уақытында және саналы түрде мамандық таңдауында кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысының маңызы зор.

Ары қарай оқу >>

«Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде өткен шеберлік сағаты

12.02.2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде қытайтану кафедрасының оқытушысы Мұқатай Клараның «Сөздік қорын кеңейту тәсілі арқылы қытай иероглифтерін оңай игеру жолдары» атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағаттың мақсаты тілді үйрету әдістемелерін әріптестерімен бөлісу, сонымен қоса  сөздік қорын кеңейту тәсілі арқылы студенттердің қытай тілін игеру жолдарын қарастыру.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасы оқытушысының шеберлік сағаты

12.02.2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50 Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Шығыс тілдерін оқытудың ынталандыру механизмі» тақырыбы шеңберінде қытайтану кафедрасының шетелдік оқытушысы Әнуар Ақмаралдың «现代汉语中的网络语言分析» (Қазіргі заманғы қытай тіліндегі ғаламтор тілін талдау) атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына қытайтану кафедрасының оқытушылары, студенттері мен докторанттары қатысты. Шеберлік сағатында ғаламтор тіліндегі сөйлесу формалары, тілдік ерекшеліктері, ғаламтор тілінің қазіргі заманғы қытай тіліне жағымды және жағымсыз әсерлері талданып, ғаламтор тілінің пайда болуы мен дамуына шолу жасалды. Оқытушылар жаңадан пайда болған ғаламтор сөздерінің жасалу жолдарына қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап алды. Қытай тілі деңгейін жетілдіру мақсатында өткен шеберлік сағаты жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың ықыласына ие болды.  

 

Ары қарай оқу >>

Профессор Гордон Гэ Ванның шығыстану факультетіне сапары

11.02.2020

11.02.2020 Қытай професоры, философ, БҰҰ Өркениеттер Альянсының төрағасының орынбасары Гордон Гэ Ван Шығыстану факультетіне келіп, факультет өмірімен, қытай тілін оқыту барысымен, студенттердің қызығушылықтарымен танысты. Профессор Гордон Гэ Ванмен кездесуге ҚазҰУ-нің ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.С. Рамазанов, шығыстану факультетінің деканы Ы. М. Палтөре, «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының» басшысы, профессор Н. Мұқаметханұлы, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ф. Оразақынқызы және факультет оқытушылары мен студенттері қатысып, пікір алмасты. Кездесу барысында университет басшылығы профессор Гордон Гэ Ванды ҚазҰУ - не дәріс оқуға шақырды.

 

Ары қарай оқу >>