Жаңалықтар

Электроспиннинг бойынша Қазақстаннан қонақ

19.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жану проблемалар институтының (Алматы, Қазақстан) магистранты Айгүл Искакова екі апталық іс-сапарын Өнім дамуының жылдам және тұрақты проблемалар орталығында (CDRSP) (Португалия) өткізіп жатыр. Берілген уақыт аралығында, Айгүл өзіне керекті тәжірибелерді жинақтап, профессор Дж. Митчеллмен бірге нано және полимерлі талшықтарды дайындау мақсатында электроспиннинг әдістерін қолдану жұмыстарын жүргізді. Жану проблемалар институтының директоры, профессор З.А. Мансуров (CDRSP) бағдарламасын осы орталықпен бірлесіп жүргізіп келеді. Өнім дамуының жылдам және тұрақты проблемалар орталығы жоғары өткізгіштігі бар көмертекті талшықтардың наноөлшемді полимерлі электроспиннинг талшықтарынан дайындау жұмыстарына қызығушылық білдіруде. Айгүлдің айтуы бойынша: «Материалдар қасиеттері мен биоөндіріс зертханасында жұмыс жасау кезінде, біз электроспиннинг процестерін толық жетілдірдік. Талшықтарды дайындап және оларды зерттеу жұмыстарын жүргіздік. CDRSP орталығында маған жұмыс істеу өте қатты ұнады, себебі орталықтың қондырғылары мен техникалық базасы жаңа, сонымен қатар ғылыми жұмыстар жасау үшін барлық жағдайлар талапқа сай қойылған».

Ары қарай оқу >>

Мұхамбетқали Бүркітбаев, профессор: Экономиканың өзегі – білім мен ғылым

10.02.2014

Біздің университетіміздің бұл бағыттағы саясаты алдымен мемлекеттік нормативтік актілерге сүйенеді. Ең алдымен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Ғылым туралы» заңдарына және «Мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты: «Стратегия – 2050» бағдарламасына, Елбасымыздың «Жалпы еңбек қоғамына бастар жиырма қадам» атты Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту жөніндегі бағдарламалық мақаласына, ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР Жаңарымды-индустриалды дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ, ҚР БжҒ министрлігінің 2011-2015 және 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын, бұлармен қатар университетіміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын да құқықтық басшылыққа аламыз.

Ары қарай оқу >>

Көмірсутектік шикізатты кешенді өңдеу технологиясы»

06.02.2014

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институты (ЖХТмМ ҒЗИ) 2014 жылдың 15-16 қазан күндері көрнекті ғалым, педагог және практик Ж.Қ. Қайырбековтың 70 жасқа толу мерей тойына арналған «Көмірсутектік шикізатты кешенді өңдеу технологиясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады. «Көмірсутектік шикізатты кешенді өңдеу технологиясы» атты ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты көмірді, газды, мұнайды және жанғыш сланецті өңдеу технологиялары аумағындағы заманауи жетістіктерімен және алдыңғы қатардағы ғылыми тәжірибелермен алмасу, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу болып табылады.

Ары қарай оқу >>

ХАБАРЛАНДЫРУ!

28.02.2014

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ МЕН «ЖЕРҰЙЫҚ» ОНОМАСТИКАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да университет жанындағы Жұмыс берушілер кеңесі мен баспа, полиграфия және кітап таратушы мекемелердің бас қосуы өтеді

28.02.2014

2014 жылдың 4 наурыз күні сағ.15.00-де (230-ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Жұмыс берушілер кеңесі мен баспа, полиграфия және кітап таратушы мекемелердің бас қосуы болады.

Ары қарай оқу >>

Студенттер оқушылармен кездесті

28.02.2014

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттерімен бірге кәсіптік бағдарлама іс-шарасы аясында Алматы қаласындағы №1 қалалық көпсалалы колледжінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Оқытушылар колледж оқушыларына университеттің тарихы туралы, ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойын атап өту жоспары туралы әңгімелеп берді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Вакаяма Университеті (Жапония) UNIFORM бағдарламасы аясында келісімге қол қойды

28.02.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Вакаяма Университетінің профессоры, University International Formation Mission (UNIFORM) Халықаралық консорциумы жобасының жетекшісі Хироаки Акияма және Болашақтың ғарыштық жүйелер технологиясын зерттеу қауымдастығының бизнес жоспарлау департаментінің кеңесшісі Эрико Ямамотомен кездесті.

Ары қарай оқу >>

«Алтын сапа» пікірсайыс клубының ішкі турнирі өтті

28.02.2014

«Алтын Сапа» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Алтын сапа» пікірсайыс клубының ішкі турнир сәтті аяқталды. Жаңа ғасырдың жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, білімді жастарының өзекті тақырыптар аясындағы пікірлері тыңдалып, интеллектуалды доданың нәтижесі белгілі болды.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

27.02.2014

2014 жылдың 28 ақпанында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы студенттік заң клиникасымен біріге отырып, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы заңи клиникалық білім» тақырыбында оқу-методикалық семинар өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

27.02.2014

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің «British Centre: Language and Culture» білім беру орталығы BEGINNER мен ADVANCED аралығындағы деңгейлерге ағылшын тілі курсына қабылдау жүргізу басталғандығын хабарлайды.

Интенсивті ағылшын тілі (Intensive English) (аптасына 90 минуттан 5 рет).

Сабақтарөздеріңізге ыңғайлы уақытта топпен бірге өтеді. Курсты тәмамдаған соң сертификат беріледі.

Қосымша ақпаратты ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі 306 кабинеттен ала аласыздар.

Байланыс телефондары: +7 (727) 3773339 (ішкі. 1329; 1270)

87714123868, 87074790151

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Үздік лингвист – 2014» байқауы өтеді

27.02.2014

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы «Жас лингвистер» клубы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай дәстүрлі «Үздік лингвист – 2014» байқауының І Университетаралық деңгейдегі студенттер зияткерлік сайысын ұйымдастыратындығы жайында хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

Халықов оқулары аясында сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың концептуалдық бағыттарына арналға конференция өтеді

27.02.2014

28 ақпан 2014 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде (сағат 10.00, 410 дәрісхана) «Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың концептуалдық бағыттары: отандық және халықаралық тәжірибе» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (жыл сайынғы Халықов оқулары) өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Конфессияаралық келесім Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының алғышарты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

25.02.2014

ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық қауіпсіздік академиясының академигі, философия докторы Қ.Т. Қасымовтің қатысуымен «Конфессияаралық келесім Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының алғышарты» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да қалалық оқырмандар конференциясы өтті

25.02.2014

ҚазҰУ-дың ғылыми кітапхананың мәжіліс залында «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы университеттің ғылыми кітапханасының көпшілікпен жұмыс жүргізу секторымен бірлесіп ұйымдастырған көрнекті жазушы Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» повесі бойынша қалалық оқырмандар конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасында жас ғалымдардың семинары өтті

25.02.2014

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасында жас ғалымдар кеңесінің кезекті ғылыми семинары өтті. Семинарда Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы және ҚХР модернизациясы парадигмасы талқыланды.

Ары қарай оқу >>

№18 жатақханада көктемнің алғашқы бәйшешек гүлі қауыз жарды

24.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі №18 жатақханада көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек (наурызгүл) гүлі қауыз жарды. Бәйшешек- құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнектіөсімдіктер. Еуразияда, Жерорта теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі.

Ары қарай оқу >>

Жас ғалымдар кеңесінің кезекті отырысы өтті

24.02.2014

24 ақпан күні Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының Жас Ғалымдар Кеңесінің кезекті ғылыми семинары өтті. Семинар тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы және ҚХР модернизациясы парадигмасы.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 17-22 ақпан 2014 жыл

24.02.2014

  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ-ға 80 жыл
  • Жолдау
  • «Қазақстан жолы-2050 – менің жолым!» атты жастар форумы өтті
  • Тақырып жалғасы Студенттері ақын Берязевпен кездесті
  • Университет ғалымдары туралы
  • «Көкжиек» студенттік клубының ұйымдастыруымен байқау өтті
  • Студенттік жарияланымдар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Жасұлан ең үздік студент атанды

24.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Ж.Қ. Қайырбеков органикалық катализ және мұнайхимия саласындағы жетекші ғалым және практик химия ғылымдарының кандидаты, доцент Т. Кабиев атындағы шәкіртақы ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінен Мевлана бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлықпен Гази университетіне білім алуға студенттер кетті

21.02.2014

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінен Мевлана бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлықпен Гази университетіне білім алуға төмендегі студенттер кетті:

1. Молдажанов Ербол

2. Талапов Шерхан

3. Абылазым Абылай

4. Қажыбекова Мөлдір

5. Абдуллаева Даметкен

6. Білалова Дамелі

7. Сансызбай Балжан

8. Қани Ақтөре

9. Тұрсынбеков Ықылас

10. Қазыбек Алмас

Ары қарай оқу >>

«Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өтті

21.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Конференцияда жемқорлықтың жаһандану жағдайы қаралды

20.02.2014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыспен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп, ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлықпен қарсылықтану мәселелері» тақырыбында сырттай түрінде студенттердің және жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Фемида» клубы “ҚазҰУ-ым – рухани байлығым” атты жинақ шығарады

20.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы ең ірі университеттердің бірі. Осы жылы университетке 80 жыл толып отыр. ҚазҰУ Қазақстан экономикасының мәдениеті, ғылым мен білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосады және мамандарды дайындаудағы жоғары мектеп болып табылады. ҚазҰУ жоғары білім беру сапасы, халықаралық мойындаушылық, белсенді ғылыми-зерттеу қызметі, инновациялылық, мықты профессорлық-оқытушылық құрам және дарынды түлектерін мақтан тұта алады.

Ары қарай оқу >>

«Эксперт-криминалист» студенттік ғылыми клубы «Сыбайлас жемқорлық аясындағы қылмыстарды ашу барысында арнайы білімді қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

20.02.2014

27 ақпанда 2014 жылы (сағ. 12:00) заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және «Эксперт-криминалист» студенттік ғылыми клубы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған «Сыбайлас жемқорлық аясындағы қылмыстарды ашу барысында арнайы білімді қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"Шығыс әлемі" студенттік клубында дөңгелек үстел өтті

20.02.2014

«Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық студенттік клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультеті «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды кеш өткізді

20.02.2014

19 ақпанда заң факультетінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Салық Зимановтың кіші академиясы» «100 кітап» университеттік іс-шара аясында өткізіліп отырған жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ақиық ақын Абай Құнанбайұлына арналған «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Баспа ісі мамандарын дайындаудың ғылыми-инновациялық бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

20.02.2014

4 наурыз күні сағат 15.00-де Журналистика факультеті Баспа ісі және дизайн кафедрасы Түлектер қауымдастығы – жұмыс берушілер кеңесінің қатысуымен «Баспа ісі мамандарын дайындаудың ғылыми-инновациялық бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті профессоры Д. Гавраның дәрісі өтеді

20.02.2014

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында 2014 жылдың 24 ақпаны мен 7 наурызы аралығында (сағ.10.00-13.00) Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры, факультет деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, әлеуметтік ғылымдар докторы Дмитрий Петрович Гавраның студенттер мен магистранттарға, PhD докторанттар мен барлық өз еркімен қатысушы тұлғаларға арналған «Қазіргі ақпараттық қоғамдағы саяси коммуникациялар мен саяси PR», «Коммуникациялар дағдарысы мен PR дағдарысы» атты дәрістері өтеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

19.02.2014

2014 жылдың 20 ақпан күні сағ. 15-00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Музейі мен Жастар ұйымдары Комитеті бірлесіп пікірталас аясында студенттік «Университеттің тұрақты дамуындағы Ғылым, Естелік, Педагог» атты семинар өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Профессор Ж. Нұршайықова орденмен марапатталды

19.02.2014

«Отандық ғылымның алтын қоры» ұлттық бағдарламасы аясында және Еуропалық ғылыми-өндірістік консорциум» марапаттау комиссиясы шешімімен LABORE ET SCIENTA – ТРУДОМ И ЗНАНИЕМ ордені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Ә. Нұршайықоваға берілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да оқырмандар конференциясы өтеді

19.02.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы университеттің ғылыми кітапханасының көпшілікпен жұмыс жүргізу секторымен бірлесіп өткізетін көрнекті жазушы Т.Әбдіковтің «ПАРАСАТ МАЙДАНЫ» повесі бойынша республикалық оқырмандар конференциясына шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«Кедендік әкімшілік жүргізу саласындағы кеден органдарының функциясы мен ұйымдастыру құрылымы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

19.02.2014

2014 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мекемесінде ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының құрамымен «Кедендік әкімшілік жүргізу саласындағы кеден органдарының функциясы мен ұйымдастыру құрылымы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Үздік студенттер марапатталды

19.02.2014

Ә. Бектұров атындағы Қазақстан химия қоғамы және физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты жоғары оқу орындары арасында байқау өтті.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

19.02.2014

«2050 стратегиясы» – мерзімінен бұрын орындалатын бағдарлама

Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

– Ұлт Көшбасшысы «2050 стратегия­сын» жариялағаннан кейін, осыдан тура бір жыл бұрын cіз «Айқын» газетінде мақа­лаңызды жариялап, онда «бұл мерзімінен бұрын орындалатын нақты жоспар» деген едіңіз. Сонда келтірген мысалыңызда жылдық ішкі жалпы өнімнің орташа өсімін 4 пайыз мөлшерінде қарастырғаны­ңыз белгілі. Сондай-ақ өмір ақиқатында бұл көр­сеткіштің 7 пайыз шамасында болатынын да ескертіп едіңіз. Президентіміздің 17 қаңтардағы Жолдауында да дәл осы көр­сеткіштер аталды. Бұл сәйкестік пе, әлде «астары бар» сандар ма?

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

19.02.2014

Жастар үндеу қабылдады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақ­стан халқына Жолдауын қолдау мақсатында «Қазақстан жолы – 2050 – менің жолым!» атты жастар форумы болып өтті.

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" газеті

19.02.2014

Ұлықтау ұлағаты

Өмірімізде күнде бір жаңалық. Бір жаңалық болса мейлі-ау, бір­неше жаңалық. Бәрі де бүгінде қадірін біліп те білмей, білсек те қасиет тұта ал­май келе жатқан тә­у­ел­­­­­­сіздіктің арқасы. Ол не жа­ңа­­лық? «Өнегелі өмір» сериясы ашы­лып, серия бойынша жиырма бес кітап жарық көріпті. Ұйым­дастырған, ұй­ымдастырған да іске қос­қан – қарашаңырақ білім ордасы – әл-Фа­ра­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­верситеті. Өзіміз түлеп ұшқан ыстық ұямыз.

Ары қарай оқу >>

"Түркістан" газеті

19.02.2014

Ұлттық журналистика ұстаханасы ҚазҰУ кімдерді дайындайды?

Қазақ елінің тұңғыш университеті, бүгінде ұлы ғұлама Әл-Фараби есімімен әлемге мәшһүр болып отырған Қазақ ұлттық университеті – білім беру мен ғылыми зерттеудің қалыптасқан дәстүрін жалғастырумен бірге, уақыт сұранысына орай жаңаша жаңғыртып келе жатқан оқу ордасы. Білімнің «қарашаңырағы» атанып, білім беру саласындағы көшбасшылық орнын қашанда биіктен түсірмей келе жатқан ҚазҰУ бүгінгі күнде әлемдік деңгейдегі өз орнын алдыңғы қатардан айқындап отыр. Оған дәлел – Қазақ ұлттық университеті Ұлыбританияның танымал Quacquarelli Symonds (QS) әлемдік агенттігінің халықаралық рейтингі бойынша әлемнің 800 университетінің арасынан 299-орынды иеленуі. Бұл бағалай білген, жетістікке қуана білген барша жанға ұлттық университеттің ұлт мақтанышына айналғанының белгісі емес пе?! Әлемдік ең озық 300 университеттер қатарынан орнын ойып тұрып алу – ұлық мәртебе. Және де бұл қатарға бұрынғы Кеңестер одағы университеттерінің ішінен тек М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті мен Санкт-Петербург университеті еніп отырғанын ескерсек, ҚазҰУ мәртебесінің асқақтай түсері шындық. ҚазҰУ-дің халықаралық беделінің зор екендігіне Халықаралық ЖОО ассоциациясы құрамына Орталық Азияда ҚазҰУ-дің ғана қосылуы және Қазақстан ЖОО-дары арасында БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған тұңғыш әрі жалғыз университет екендігі тағы бір дәлел.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" газеті

19.02.2014

Дәстүр сабақтастығы жалғаса береді

Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше мән берді. Елбасы өз сөзінде: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!» деген ой айтты. Біз Елбасы Жолдауында айтылған мемлекеттік тіл мәселелері төңірегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Қазыбекпен жолығып, әңгіме өрбіткен едік. Әңгімелесу барысында Гүлмира Құдайбергенқызы факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері жөнінде де ойларын ортаға салды. Төменде сол сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері "Жарқын жұлдыз" байқауын өткізеді

18.02.2014

27 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Көмек» студенттік еріктілер қозғалысы Биология және биотехнология факультетінде (2 зал, сағ. 14:30) кезекті іс-шара өткізгелі отыр. Мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында «Жарқын Жұлдыз» атты ән-би-аспаптық байқау өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Студенттер әл-Фараби трактаттарын талқылады

18.02.2014

Заң факультетінде «ҚазҰУ-дың студенттері оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Әл-Фараби трактаттарындағы саяси-құқықтық ой-толғамдар: өміршеңдігі, өзектілігі және маңызы» тақырыбында оқырмандар кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

«ЖОО-да баскетболдан сабақ берудің ғылыми-әдiстемелiк негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді

18.02.2014

2014 жылдың 19 ақпанында (сағ. 11: 30) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң биология және биотехнология факультеті дене тәрбиесi және спорт кафедрасы «ЖОО-да баскетболдан сабақ берудің ғылыми-әдiстемелiк негізі» (үйренудiң әдіс-тәсілі мен жақсарту жолдары) дене шынықтыру және спорт мамандығының профессор-оқытушы құрам жаттықтырушылары, дене тәрбиесінiң мұғалiмдерi және студенттерi үшiн республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ғылыми-технологиялық паркі исламдық қаржыландыру жөнінде дөңгелек үстел өткізді

18.02.2014

«Исламдық қаржыландырудың жол картасы 2020-ға» сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінде экономика және бизнес жоғары мектебінің екінші курс тәжірибеленуші-магистранттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында ислам банктерінің қызмет ету жүйелерінің ерекшеліктері мен Қазақстандағы ислам банктерінің ғылыми-инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

«Триада» филологиялық зерттеулердің ғылыми инновациялық орталығының кезекті мәжілісі

18.02.2014

18.02.2014 ж. сағат 11.00-де Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті «Триада» филологиялық зерттеулердің ғылыми‑инновациялық орталығының кезекті мәжілісі өтті.

Ары қарай оқу >>

«КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубында дәстүрлі «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтеді

17.02.2014

2014 жылы 28 ақпанда әдебиеттің үш бәйтерегін еске алу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубында дәстүрлі «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 10-15 ақпан 2014 жыл

17.02.2014

  • Журналистика факультетінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлап келдім өмірге...» атты әдеби-драмалық жыр кеші өтті
  • Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жас ғалымдармен кездесті
  • «История Великой степи. Антология казахской литературы» кітабының тұқсаукесері өтті
  • «Қазақстан жолы-2050 – менің жолым!» атты жастар форумы өтті
  • Студенттері ақын Берязевпен кездесті
  • ҚазҰУ БҰҰ бағдарламасының үздігі деп танылды
  • Жолдау
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • Біздің сарапшылар
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Қазақстанның инновациялық даму жағдайындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігі жүйесінің жетілдірілуі» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

15.02.2014

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасын, заң факультетінің студенттері және Алматы қалалық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Қазақстанның инновациялық даму жағдайындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігі жүйесінің жетілдірілуі» тақырыбында дөнгелек үстел өткізді. Дөнгелек үстел кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.Р. Усеинова, з.ғ.к., доцент Тұрсынқұлова Д.А., з.ғ.к., доцент К.Р. Усеинова, з.ғ.к., доцент Сманова А.Б., Медеу аудандық ХҚК орталығының жетекшісі Тауан С.Х., оқытушы Л.Б.Нусипованың ұйымдастыруымен өтті.

Ары қарай оқу >>

Ашық сабақ

15.02.2014

Кафедра оқытушысы, ф.ғ.к., доцент м.а. А.Аширова «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша «Мұқағали – жыр аңыз» тақырыбында механика-математика факультеті студенттеріне ашық сабақ өткізді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінің студенттері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

14.02.2014

Қ.Р. Усеинованың және Ж.А.Оспанованың жетекшілігімен «Союз Ради Прогресса» студенттік клубы С.А.Сартаев жетекшілік ететін «Бастау» клубымен бірлесіп және студенттер, эдвайзерлер М.Е Сагинаевпен, Г.Р Усеиновамен және оқытушы А.Ж. Жарболовамен бірге Бостандық ауданының аяқ-қолы кемтар балаларға арналған № 2 арнаулы мектеп –интернатына барды.

Ары қарай оқу >>

IELTS байқау тесті!

14.02.2014

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенттері, магистранттары, докторанттары!

14 ақпан 2014 жылы сағат 15.00 – 16.00 аралығында №8 аудиторияда EF Education компаниясының өкілдері тарапынан IELTS байқау тесті алынады. Келемін деушілерге есік ашық, тест қабылдау тегін. Жауапты: жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Н.П.Сапарходжаева.

Ары қарай оқу >>

Профессор Ғарифолла Есімнің «Мәңгілік ел философиясы» атты лидерлік дәрісі болып өтті

14.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, философия және саясаттану факультетінде мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің «Мәңгілік ел философиясы» атты лидерлік дәрісі болып өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты байқау өтеді

13.02.2014

А. Бектұров атындағы Қазақстан химия қоғамы және физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты жоғары оқу орындары арасында өтетін байқауға қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

ҚР ҰҒА-ның академигі Нұрғали Жабағаұлы Тәкібаевтың 70-жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді

13.02.2014

2014 жылдың 21 ақпанында «Физика мен жаңа технологиялардың заманауи мәселелері» атты теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА-ның академигі Нұрғали Жабағаұлы Тәкібаевтың 70-жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Философия және саясаттану факультетінде Жолдауды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді

13.02.2014

2014 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талдау мақсатында (сағат 11.3, 218 ауд.) Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел болудың өзегі – дәстүр сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде профессор Қазақбай Қасымовтың көшбасшылық дәрісі өтеді

13.02.2014

2014 жылдың 19 ақпанында (сағат 12:00, 410 ауд.) кафедрасы, «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыру шаралары барысында заң факультетінің студенттері, магистранттары, PhD докторанттары үшін академик, қазақстан халқының Ассамблеясының қауіпсіздік саласының профессор Қазақбай Қасымовтың көшбасшылық дәрісі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан жолы-2050 – менің жолым!» атты форум қатысушылары Қазақстан жастарының үндеуі қабылданды

12.02.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында «Қазақстан жолы-2050 – менің жолым!» атты жастар форумы болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласы әкімшілігі.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасында нотариаттың қалыптасуы мен дамуы» атты тақырыпта профессор Ермек Бурибаевтың көшбасшылық дәрісі өтеді

12.02.2014

Бүгін сағат 13:25-те «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыру шаралары барысында (ГУК 3, 3 залда) заң факультетінің студенттері, магистранттары мен PhD докторанттары үшін «Қазақстан Республикасында нотариаттың қалыптасуы мен дамуы» атты тақырыпта з.ғ.д., профессор Ермек Әбілтайұлы Бурибаевтың көшбасшылық дәрісі өтеді.

Ары қарай оқу >>

МЕВЛАНА Халықаралық жобасының аясында Түркияның Гази университетінен келген профессорлар Құрманғалиева Гүлжанат Еркиласим мен Конуралп Еркиласим «Шетелдік журналдарда мақала шығарудың ерекшеліктері» атты семинар өткізді.

11.02.2014

МЕВЛАНА Халықаралық жобасының аясында Түркияның Гази университетінен келген профессорлар Құрманғалиева Гүлжанат Еркиласим мен Конуралп Еркиласим «Шетелдік журналдарда мақала шығарудың ерекшеліктері» атты семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

М. Барманқұлов оқулары аясында «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

11.02.2014

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы 2014 жылдың 28 ақпанында сағ.10.00-де М. Барманқұлов оқулары аясында «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Ағылшын тілі курсы жүргізілуде

10.02.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Біліктілікті арттыру институтының Лингвистикалық құзіреттілік орталығы жаратылыстану факультеттеріндегі шет тілі кафедрасымен бірігіп, емтихан нәтижесін ескере келе, тілді меңгеру деңгейлері бойынша университет оқытушыларына 27 қаңтардан бастап ағылшын тілінен курстар жүргізуде.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде Халықаралық корейтану орталығының жанынан «Қазақстан-Корея» ақпараттық-ресурстық зертханасы ашылды

10.02.2014

2014 жылдың 8 ақпанында шығыстану факультетінде Корея Республикасының ғылыми-оқу және қаржы-өндірістік элитасымен ынтымақтастық шеңберінде тағы бір жоба іске қосылды. Бұл идеяның бастамашысы – корейтану және жапонтану кафедрасының профессоры, Халықаралық корейтану орталығының директоры, т.ғ.д. Г.Н.Ким. Бүгінгі таңда осы идея жүзеге асырылып отыр. Шығыстану факультетінде Халықаралық корейтану орталығының жанынан «Қазақстан-Корея» ақпараттық-ресурстық зертханасы ашылды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен келді

10.02.2014

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің университет басшылығымен және жас ғалымдармен кездесуі болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 3-8 ақпан 2014 жыл

10.02.2014

  • ҚазҰУ БҰҰ бағдарламасының үздігі деп танылды
  • Имидждік жарияланымдар
  • Жолдау
  • ҚазҰУ-ға 80-жыл
  • ҚазҰУ ғалымдары жайлы
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік мақалалар
  • ҚазҰУ студенттері жайлы
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыз! ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған журналистер арасында байқау

07.02.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистер Одағының және Қазақстан журналистика Академиясының қолдауымен университеттің 80-жылдығына арналған жоғары оқу орнының қызметін жариялауда журналистер және отандық әрі шетелдік БАҚ ұжымдары арасында ең үздік материалға байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Сочи олимпиадасына қатысушыларды қолдау мақсатында акция өткізілді

07.02.2014

Бүгін төртжылдықтың басты спорттық оқиғаларының бірі – Сочидағы ХХІІ Олимпиадалық қысқы ойын. Аталмыш ірі спорттық оқиғаның ашылу сәтінде саясаттану кафедрасының Студенттік дискуссиялық «Политолог» клубы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасын қолдау мақсатында акция өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ирандық қонақтармен кездесу

06.02.2014

2014 жыл 6 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен Иран Ислам Республикасынан келген Тегеран университетінің жанындағы «Самт» баспа үйінің басшысы Мұхаммед Жауад Әбулқасими «Қазіргі Иран» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

05.02.2014

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы 2014 жылдың 18 наурызында жас ғалымдар арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын «Лингвистика: ақпараттық технологиялар» атты Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық симпозиумын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"Лингвистика: ақпараттық технологиялар"

05.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы 2014 жылдың 18 наурызында жас ғалымдар арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын «Лингвистика: ақпараттық технологиялар» атты Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық симпозиумын өткізеді.

Симпозиумға жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, студенттер шақырылады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ бағдарламасының үздігі деп танылды

04.02.2014

Қазақстанның ірі университеті – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тұрақты даму бойынша «United Nation Academic Impact» (БҰҰ Академиялық ықпал) жаһандық хабын басқару сеніп тапсырылып отыр. Бұл ресми шешім БҰҰ штаб-пәтерінен келіп түсті. Абыройлы, халықаралық құрылым ҚазҰУ-дың білім мен ғылымның көшбасшысы екенін дәлелі.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты: теориялық және тәжірибелік мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

04.02.2014

2014 жылдың 4 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы, з.ғ.д., профессор З.Ж. Кенжалиевтің жетекшілігімен «Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты: теориялық және тәжірибелік мәселелері» тақырыбына ғылыми семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Тілді меңгеру: теория және эмпирия» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік виртуалды конференциясы өтеді

04.02.2014

2014 жылдың 25-26 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Тілді меңгеру: теория және эмпирия» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік виртуалды конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру! "Үздік лингвист - 2014" байқауына қатысуға шақырамыз!

04.02.2014

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 3 курс студенттерін ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастырып отырған дәстүрлі «Үздік лингвист» байқауының І Университетаралық студенттер зияткерлік сайысына қатысуға шақырамыз.



Байқаудың шарттары бойынша қатысушы студент өзін-өзі таныстырып, тіл біліміне қатысты жалпы сұрақтарға, генеалогиялық және типологиялық классификация және арнайы курстар бойынша сұрақтарға дайын болуы тиіс.

«Үздік лингвист-2014» байқауына өтініш 2014 жылдың наурыз айының 10 жұлдызына дейін қабылданады.

«Үздік лингвист» байқауы 2014 жылдың 3 сәуір күні сағат 11.00-де, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде өтеді.

Байқауға қатысуға ниет білдірген студенттер жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасына хабарласуына болады.

Қосымша байланыс телефондары: Тел: 8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29), 8-778-422-45-65 Бөрібаева Гүлнара Әбдіқасымқызы.

Ары қарай оқу >>

Жастардың шығармашылығы шыңдалды

04.02.2014

Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен қарашаңырақ ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойына арналған «Коммуникация – бәріне: шығармашылық идеялар мен технологияларды басқару өнері» атты І Халықаралық Журналистика және Коммуникация Қысқы Мектебі өтті.

Ары қарай оқу >>