Қытайтану кафедрасында жас ғалымдардың семинары өтті

25.02.2014

Көрулер: 1726

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасында жас ғалымдар кеңесінің кезекті ғылыми семинары өтті. Семинарда Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы және ҚХР модернизациясы парадигмасы талқыланды.

Жас ғалым, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, Ph.D докторы Ажар Серікқалиева аталған тақырып бойынша баяндама жасады. Баяндамада ҚХР-дың қазіргі нарықтық экономикасының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері және оның тәуелсiз Қазақстан экономикасының қалыптасуы кезеңімен ұқсастығы жайлы сөз қозғалды. Семинарға қатысқан жас ғалымдар мен факультет ұстаздары баяндама бойынша сұрақ-жауап алысып, өз пікірлерімен алмасты.