«Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты: теориялық және тәжірибелік мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

04.02.2014

Көрулер: 2317

2014 жылдың 4 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы, з.ғ.д., профессор З.Ж. Кенжалиевтің жетекшілігімен «Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты: теориялық және тәжірибелік мәселелері» тақырыбына ғылыми семинар өткізді.

Ғылыми семинар Қазақстан Республикасының қоғамдық-құқықтық дамуының маңызды аспектілерін қамтиды, сонымен бірге зайырлы мемлекет пен діни конфессиялардың арақатынасы зерттелді.

Семинар кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.Р. Усеинова, з.ғ.д., профессор З.Ж. Кенжалиев, аға оқытушы М.Е. Сагинаев, з.ғ.к., доцент А.М. Каратаева, з.ғ.к., доцент К.Р. Усеинованың ұйымдастыруымен өтті.

Алғы сөзді з.ғ.д., профессор Г.Р. Усеинова сөйледі. Ғылыми семинардың негізгі баяндамашысы профессор З.Ж. Кенжалиев болды. Профессор Қазақстан Республикасында мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлығының конституциялық-құқықтық қамтамасыз етілуі мәселесін ашып, талдады.

Сонымен қатар кафедраның мүшелері зайырлы мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының маңызды аспектілері мен проблемалық сұрақтары қарастырылды.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы